Еркін Полатов: «Өсекшілдік, көре алмаушылық — кесапат»

Өсекшілдік—кесапат

           Өсекшілдік , яғни сөз тасымақ. Алла Тағала оның сұмдығы жөнінде көптеген хабар берген. Пайғамбырымыз «Өсекші жұмаққа жуый алмас және сендердің араларыңдағы жаман адам-сөз таситындар» деген. Біреу бір әкімнен былай деп сұрапты: « Аспаннан кең не? Оттан ыстық не? Темірден қатты не? Жетімнен қор не?». Сонда әкім: «Ақ іс –аспаннанда кең, күнәсізді балағаттау-жерден ауыр, ұрық аймағындағы кек сақтап, өшпенділікпен қарау-мұздан суығырақ, қаскөйлік –оттанда қызулы, кәпірдің көңілі-темірденде қаттырақ, және өсекші, сөз тасушылар-жетімнен де қор» деп жауап беріпті.Білген жөн , өсекшілдік –екі кісі арасында сөз тасу ғана емес , ол-кісінің мен пейілі-құнын әшкерелеп , ренжіту. Біреу таныс кісіге келіп « Пәлен кісі сізді жамандады» дегенде,әлгі кісі:«Маған бұл хабарды айтып үш қианат жасадың : бірі-көңілсіздендірдің, ашық көңлімді уайымға қалдырдың және өзіңнің жылпостығыңды көрсеттің» депті. Хасан Басри айтқан екен : «Егер біреу саған сөз жеткізсе, ол сенің сөзіңді де біреуге жеткізер» деп. Өсекшілдік үлкен апат екенін білген жақсы. Оның себебінен нақақтан қан төгіледі. Мысалы, біреу құл сатып аларда «Мұның қандай айыбы бар»-деп сатушыдан сұрағанда-«Өсекшілдіктен басқа айыбы жоқ» депті. Сатып алушы «Айыбы ауыр екен» деп қабылдайды. Келген соң құл қожасының әйеліне « Қожайынның саған деген махабаты кем екен және бір сұлуды алғысы келетінін байқадым. Қожайын ұйықтап жатқанда сақалының астынан ақырын ұстарамен  қыл кесіп берсең, мен оған жады дуасын оқып, саған етіп қояр едім» дейді де, қожайынына  барып « Қатыныңыз бір кісіге ғашық болыпты, сізді өлтірмекші ниетте, егер сөзіме күмәндасаңыз ұйықтаған адам сияқты жатыңыз, өзіңіз байқайсыз» депті. Қожайын жалған ұйқтаған кісі болып жатады. Сөйтсе әйелі ұстара алып келіп , қожайынының  сақалын ұстай береді. Осы кезде « Мені өлтірмекші екен» деп ойлаған қожайын орнынан секіріп тұрып, әйелін табанда мерт етеді. Сөйтіп, бір өсекшінің жала сөзінен соң жазықсыз кісі қаза табады.

Өсек сөз айтудан сақтанайық,кемшілік өзімізден де табылып қалады.

 Көре алмаушылық істен сақ болу.

Пайғамбарымыз «Көре алмаушылық-жақсы қызметкерді пішенге түскен от-жалындай жайпап түсіреді және үш жаман нәрсе бар, одан ешбір пенде құтыла алмас: ол-күмәндәну, жаман пейілділік, көреалмаушылық» депті.Бұлардың құтылу жолдарын үйретіп: « Егер күмәнданушылық пайда болса-алдымен өз нәпсіңді мұхиат тексеріп, байқап көргін. Жаман пейіл жаныңнан жай ала бастаса- оны жүзеге асырмауға әректтен.Күншілдік, көреалмаушылық пайда болса-тіл мен қолдарыңды сақтай біліңдер.Өйткені көптеген Пайғамбарлардың үмбеттері жойылып кетуіне басты себепкер – осы күншілдік, көре алмаушылық»-депті.

 

ҚМДБ-ының филиалы

Қазығұрт ауданы бойынша бас имамы Полатов Еркін Тұрғынұлы  

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    jaksy jazylgan eken

Пікір жазу