Бауыржан Оңалбаев: «Жүрек тазалығы»

Алла тағала адам баласын өзі жаратқан барлық мақұлықтардан да артық етті . Оған ақыл-ес, сана-сезім, білім берді. Қасиетті Құран аяттарында бұл туралы: «Адамды,біз сөз жоқ,ең әдемі мүсінде жараттық»(Тин 95/4). Ақыл-ой , сана — сезім адамды басқа хайуандардан ажыратса. Иман – кәпір мен мұсылманды ажыратушы. Жартушымыздың берген осы екі қасиетінен ажыраған адам дұрыс өмір сүруіде қиын. Өйткені ол біреудің айдауымен, шайтанның азғыруымен тірлік етуі мүмкін.
Аллаһ адамды сұлу етіп жаратты және оған өзін таза ұстап, харамнан сақ болып, тура жолмен жүруді үкім етті.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Шындығында адамның денесінде бір жапырақ ет бар.Егер осы бір жапырақ ет таза болса,онда адамның барлық мүшесі,сана-сезімі пәк болады. Ал енді сол бір жапырақ ет бұзылса онда ол адамның денесі де,тәні де,жаны да бұзық болады,ол бір жапырақ ет — жүрек»-деді. Адам баласы дұрыс , әрі тура өмір сүру үшін барлық харамнан сақтанып , жүрегін таза ұстауы керек . Әрине адам баласының бұл дүниеде қоршаған дұшпандары да жетерлік . Бұлардың барлығы да өз кезегінде жүрекке үлкен қатер әкеледі . Кейбір адамдар ешбір ғибадат — құлшылық жасамаса да, өзінің түрлі күнәға батқанына қарамай «менің жүрегім таза», «Көңілімде кір жоқ», «ниетім тура», «көңіл таза болса болды»-деп жатады. Бірақ бұл діннен хабары жоқ сауатсыздардың әрекеті.
Бұл жерде тек діннен хабары бар,Алла тағаланың әмірлерін орындап жүрген кісінің көңілі таза болуы мүмкін.
Түс көруші.
Бірде патша таң сәрі де өзінің жайсыз түсінен шошып оянды.Көрген түсінің әсерінен айыға алмаған ол дереу уәзірін сарайға шақыртып алды.
Салтанатты сарай киімін жай қарапайым киімге ауыстырып киінген екеуі сарайдан шығып көпшілікке араласып кетті . Шаһар сыртындағы баққа келген соң патша :- осы жер еді ғой деп жерге түскен жапырақ арасын қарай бастады.
Таң қалған уәзірі түкке түсінбесе де ол да жан – жағынан бірдеңе іздегендей қарай бастады . Аздан соң патша , бақтың ішіндегі жапырақ арасынан бір ер адамның мәйітін тауып алды.
Мұны көрген уәзірі қатты шошып:

- Уа , патшам біздің іздегеніміз осы ма еді деді.

Бұған селт етпеген патша уәзіріне:

-Бұл кісіні жуып , кебіндеп , жаназасын оқып , жер қойнына тапсыруымыз керек деді .

Уәзір:

- Тақсыр , бұл не дегеніңіз , ел — жұрт бізді танып қойса не деп айтады.
Сіз ел басқарған патшасыз , мен құзырыңыздағы уәзіріңізбін . Бұл байғұстыңда іздеу сұрауы бар шығар . Солар-ақ жуып-кебіндеп , жаназасын оқи жатар деді .

Патша:
-Аллаһтың үкімі сондай бұл марқұмды соңғы сапарға шығарып салу екеуімізге бұйырып тұр деп жауап қайтарды.

Уәзір:
-Олай болса орталықтағы мешітке бұл мәйітті апарудың керегі бола қоймас , жақын жердегі «Фатих» мешітіне апарып жуып — кебіндейік деді .

Екеуі мәйітті мешітке апарған да , марқұмды танитындар бұған таң қалып ,
өз-ара әңгіме қылды . Бірі мешітке келіп намаз оқымайды десе , бірі осы маңайдағы дүкендегі бүкіл арақ-шарапты бір өзі сатып алып ішуші еді деді.
Тіпті кейбіреуі оны адам айтқысыз зинақор деп айтып салды.
Бұлардың сөзіне құлақ аспаған патша , уәзірі екеуі мәйітті жуа бастады .

Кенет қатты ысқылап жуғаннан ба ?
-Марқұмның денесінен нұр шыға бастады,басынан аяғына дейін ағарып кетті.
Дереу кебіндеп болып , жаназа оқуға жамағатты жинады .

Сол кезде уәзірі:
— Тақсыр , бұл марқұмның туған — туыстарына хабар бермей қалайша соңғы сапарына шығарамыз деді.
Марқұмның туғандарын іздеген патша , сұрастырып жүріп бір үйдің дарбазасын қақты . Есікті егделеу келген , шашына ақ түскен , көзінен мейірім
шуағы білінген әйел ашты .
Қожайынының ақыреттік сапарға аттанғанын айтып көңілін жұбатқан патшаға:

-Осы , біздің қожайынның мінезі қызық деп , ауыр күрсінді . Ел қатары өз кәсібін істеп, азаннан — кешке дейін етік жамап , аяқ киім тігеді . Кеш болысымен жақын жердегі дүкендегі шараптың бәрін сатып алып үйге әкеледі де , әжетханаға төгеді .

Мұның не деген маған:
Е-е-е,-әйел, пайғамбарымыздың үмбетіне шарап ішу харам , кешке мас болып айқайлап мешіттегі азанмен жарыспасын деп істеп жатқаным ғой дейді.
Қайта шығып кетіп , жақын жердегі көше аңдыған жеңіл жүрісті әйелдерді жинап әкеліп, оларға ақысын төлейді .
Маған Құран мен хадисті беріп , таң атқанша бұларға:

-Алла тағаланың ненің харам , ненің адал еткенін , қандай нәрселерден аулақ болуы керек
екенін үйрет деп отырғызып қояды . Өзі жақын жердегі емес , алыстау жердегі мешітке барып намазын оқып келеді .
Мен күйеуіме:

Сенің бұл тірлігіңді кім түсінеді , кім ескереді десем.

Ол:

-Аллаһ,- дейді.

Жасыратыны жоқ , көршілеріміз менің күйеімді , араққор , зинақор деп түсінеді .
Шын мәнінде олай емес.

Жақында шыдай алмай:
Өстіп жүріп арам өліп қалсаң , сені кім жуып , кім кебіндеп , жаназаңды оқиды десем .

Маған қарап күйеуім :
-Уайымдама әйел , мен өлсем мені жуып , кебіндеп , жаназамды оқымаса неғып жүр еліміздің патшасы деп күліп тұр . Мен өмірлік жолдасымның осылай өлетінін қайдан білейін деп сөзін аяқтады . Әйелдің сөзінен дереу есін жиған патша , таңғы түсін Алла тағаланың аяны екенін түсінді .

Бұл жерде қарапайым етікшінің өзі де Алла тағаланың харам деп қайтарған
істерімен күресіп жүргенін көруге болады .
Ізгі жанның бұл шын таза жүрекпен айтқан сөзін жаратушы иеміз қабыл алып,
ел патшасына өзінің сүйікті құлының соңғы тілегінің орындалуын аян етіп отыр.

Әрине нәпсіңмен , құлқыныңмен , одан қалса дүниеге құмартумен күресу
өте қиын нәрсе .
Бұрынғы ата – бабаларымыз айтып кеткен :
«Шайтанды жеңу жарты жеңіс , өзіңді жеңу бүтін жеңіс» — деп.

Бір ғалымнан :
«Алланы жақсы көру жүрекке қалай орнайды?»-деп сұралғанда,
«Жүректен дүниеқұмарлық кетсе , Алланы жақсы көру сезімі өзінен- өзі орнайды»,-деп жауап беріпті.
Ғалым сөзін жалғастырып:
«Шыны ыдыстағы суды төгіп тастасаң,орнына ауа толады».Ауа мен су бірге тұрмайды. Сол сияқты жүрекке де екі махаббат орныға алмайды.Онда не дүниеқұмарлық болады,не Аллаға деген махаббат.Жүректен дүниеқұмарлық кетсе,Алланы жақсы көру сезімі өзінен өзі орнайды деді .

Кеседегі алтын.

Ерлі зайыпты екеу қаншама уақыт бірге өмір сүрсе де , күйеуі әйелінің әрбір істеген ісін жақтырмайтын.Өйткені құдай қосқан қосағының Алла тағалаға деген құлшылығы мен тақуалығы оған ұнамайтын . Әйелі күнделікті күйбең тірлікпен не істесе де аузынан «бисмилла» деген сөзін тастамайды.
Ал күйеуі керісінше дүниені ,мал – мүлікті жақсы көрді . Құлшылық қылып , уақытын өткізгісі келмеді .
Бірде ол :
— Әйелін аяғынан шалып,масқара қылғысы келіп мына кеседегі алтынды бір жерге тығып қой , керек кезінде бересің ғой деп ескертті .
Әйелі кесе толы алтынды «бисмилла» деп алып , «бисмилла» деп сандықты ашып ,
оған ыдысты алтынымен «бисмилла» деп салып кілтпен құлыптады .
Мұны көріп тұрған ері ашуға булығып қап-қара болып кетті.

Біраз күн өткен соң әйелінен кілтті ұрлап алып , алтынды басқа жерге тығып , кесені есік алдындағы құдыққа тастап жіберді де , кілтті өз орнына қайта тығып қойды .

Ішінен жаны жай тапқан ері:
— Әйеліне алтынды әкелуін сұранды.

Қаннен қаперсіз әйел кілтті алып «бисмилла» деп сандыққа қолын салып , кесе толы алтынды алып шықты . Бір ғажабы ішінде шыпылдап су толып тұр .
Үрейден есі шыққан күйеуі сол күні хаққа жалынып-жалбарынып тәубеге келді.
Осы күннен бастап ол бес уақыт намазын оқып , жұмаға баратын болды .
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Амалдар ниетіне қарай болады» -деген.
Жақсы ниетте болып , біреуге жақсылық істеген адам жүрегі қуанышта өмір сүреді . Жаман ниетте болып , жаманшылық жасаушы жүрегі қарайып , кесел болады .
Сондықтанда жүрек – махаббат пен сүйіспеншілік мекені .
Сүйіспеншілігі жоқ жүрек өлі деген сөз . Жүректе не дүниеге деген сүйіспеншілік ,
не Аллаһу тағалаға деген сүйіспеншілік болады . Зікір және ғибадат етіп жүректен
дүние сүйіспеншілігі шығарылған кезде жүрек тазарады .
Мұндай таза жүрекке Аллаһ сүйіспеншілігі өздігінен толады.

Жүректі тазалауда төрт кедергі шығады:

1)Мал-мүлікке деген махаббат.
2)Мансапқа деген махаббат.
3)Бөтенге сүйіспеншілік.
4)Күнә.

Бұл төрт кедергіні асып өту үшін төрт нәрсе керек:

1)Көп тамақ жемеу,халал азық жеу.
2)Көп ұйықтамау.
3)Көп сөйлемеу.
4)Жамандардан ұзақ болу.

Бұлардан құтылудың жолдары:

Аллаһқа деген сүйіспеншілік , зікір ету , ғибадат қылу , тәубе ету , садақа беру .

Мына жүрек тебірентер оқиғаға көңіл аударсақ :

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мен хазреті Әбу Бәкір және хазреті Омар үшеуі түн ортасында
Мәдина шаһарының бір көшесінде кездесіп қалып , бір — бірінен түн жарымында
неге сыртқа шыққанын сұрады .

Сонда үшеуінің жауабы да бір жерден шығып еді:

«Аштық итермеледі».

Ия , үшеуі де Алла тағаланың разылығы үшін дүниесін кембағалдарға беріп
жүрсе де,өздеріне азық боларлық бір тілім нан таба алмағаны үшін дөңбекшіп
ұйықтай алмай , түн ортасында сыртқа шыққан еді .

Бауыржан Оңалбаев. Түлкібас ауданы.
«Түлкібас ата» мешітінің.Бас имамы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу