Құрманалиев Мақсат: Түркиядағы «Протестанттық еңбек этикасы»

Түркия, Кайсери қаласының орталық мешітіндегі азаншының азан шақырған дауысын естіген индустриалды парк қызметкерлері жұма намазын оқу үшін мешітке ағылып келуде. Жұма намазы аяқталған соң қызметкерлер қайтадан өз жұмыстарына кіріседі.

«Еуропада қызметкерлер темекі шегу үшін 15 минут үзіліс жасайды, ал біз болсақ 15 минут үзілісті намаз оқуға арнап, аллаға мінәжат етеміз» дейді Ахмет Хердем, Хачилар қаласының әкімі. Бұл қала Орталық Анатолияда орналасқан, халқының саны — 20 000 мың адамды құрайды. Қала тұрғындары мұсылман дінін берік ұстанады. Сонымен қатар Хачилерде Түркиядағы көптеген алпауыт компаниялар жұмыс істейді.

Көптеген еуропалықтар мен зайырлы түріктер бұл аймақты «басқа Түркия» деп атайды, себебі мұнда әйелдердің көбісі мұсылманша киінеді. Ал еуропалықтар Христиан дініне жүргізілген реформа ислам дінінде болмағандықтан, Ислам мен капитализм бір-біріне жат ұғым деп санайды. Алайда, Кайсери мен оның маңында орналасқан кіші-гірім қалалардың тұрғындары бұл ұғымның жаңсақтығын алға тартады, себебі бұл жерлерден бизнес әлеміне танымал, көптеген іскер кәсіпкерлер туып-өскен.

Кайсериде қазіргі таңда кілем тоқитын зауыттар, тұрмыс жиһаздарын шығаратын цехтар мен тоқыма компаниялары жұмыс істейді. Бұл компаниялардың өнімдеріне АҚШ, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінде сұраныс көп. Мұндағы негізгі ірі компаниялар жүк тасымалдау мен кабель жасау саласында жұмыс жасайтын Бойдак Холдинг, Орта Анатолия. Ал Истикбал жиһаз зауытының сан алуан түрлі бұйымдарын Түркияның кез келген жиһаз салонынан таба аласыз.

Орталық Анатолияда кең қанат жайған кәсіпкерліктің жаңа рухы тұрғындардың діни санасында айтарлықтай өзгерістердің болғандығын куәландырады. Мұндағы мұсылмандар еңбекті ғибадат ретінде санайды, нәтижесінде Кайсери қысқа мерзімде «Анатолияның азулы жолбарысына» айналды. Қазіргі таңда Қайсери Түркиядағы ең ірі индустриалды аймақтың бірі. Ал 2004 жылы Кайсериде бір күннің шінде 139 жаңа кәсіпорын ашылып, Кайсери Әлемдік Рекордтар Кітабына (Гиннес) әлемде ең жылдам дамыған индустриалды орталық ретінде енді. Кейбіреулер бұл құбылысты «ислами кальвинизм» деп атайды.

Бұл терминді алғаш рет пайдаланған Кайсери қаласының бұрынғы әкімі Сукру Каратеп еді. Каратеп әлеуметтану пәнін оқытып жүріп, Кайсеридегі болып жатқан өзгерістер протестанттық еңбек этикасының қазіргі капитализмнің пайда болуына себеп болды деп тұжырымдаған неміс ғалымы Мак Вебердің сөздерін еске салады дейді.

«Мен Вебердің еңбектерін оқыдым, ғалым протестанттардың еңбекқорлығын, олардың қаржыны орнымен пайдаланып, бизнестің дамуына жұмсай білетін іскерлігі туралы жазған болатын»- дейді Каратеп. Бұл Кайсериде бүгінгі таңда болып жатқан өзгерістерді түсіндіреді.

«Кайсеридің тұрғындары ақшаны шашып-төгіп жұмсамайды. Олар көбінесе өздерінің жинаған ақшаларын жаңа өнеркәсіп орындарын, сауда нүктелерін ашуға  жұмсайды»-дейді қаланың бұрынғы әкімі. Әкімнің айтуынша, еңбек Кайсеридің тұрғындары үшін ғибадаттың бір түрі болып табылады дейді. Макс Вебер өз еңбегінде протестанттардың еңбекті діннің ажырамас бөлігі ретінде қарастыратыны туралы жазады.

Бұл пікірді Анатолиядағы «Ислами кальвинизм» туралы баяндама жазған Еуропаның тұрақтылық институтының директоры Геральд Кнаус жоққа шығармайды. «Кайсеридегі іскер адамдар Ислам кәсіпкерлікті қолдайтынынын, оны дамытуға жағдай жасайтынын бір ауыздан айтады»- дейді Кнаус. «Олар Құран аяттары мен Мұхаммед пайғамбардың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өмірін кәсіпкерлік жөніндегі оқулық ретінде келтіреді. Кәсіпкерлер мұсылман діні өнеркәсіп орындарын ашып, халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтуға үгіттейтіндігін айтады»-дейді Кнаус өз баяндамасында.

Алайда, «ислами кальвинизм» термині түрік бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен пікірталас туғызды. Бұл терминге сын көзбен қараушылар Батыс елдерінің Ислам дінін «христиан дініне жақындату арқылы «шоқындырмақ» ниетінің барлығын алға тартады. Сонымен қатар «ислами кальвинизм» терминінің жақтастары да бар, солардың бірі — Түркияның президенті Абдулла Гюль. Абдулла Гюль — Кайсериде кәсіпкерлер отбасында дүниеге келген, қазір елді басқарып отырған ислам партиясының мүшесі.

Түркияның президенті «ислами кальвинизм» Исламға қайшы келмейді. Абдулла Гюль Түркия әлемге Ислам дінін жаңаша түсінуді ұсынып отыр. «Бізді мазалап жүрген ең маңызды сұрақ: біз модернизмнің қандай түрін қалаймыз? Сіз шынайы өмірді қалайсыз ба, әлде қиял әлемінде өмір сүргіңіз келе ме? Өзінің қойған сұрағына ол былай деп жауап береді, «Кайсериде адамдар уақыттарын бос қиялмен өткізбейді, себебі олар — реалистер. Міне бізге де Исламды осылай түсіну керек». «Мұсылмандар мешітке  жиі барып, Шариғаттың хадистерін берік ұстанады, бес уақыт намаздарын үзбей оқиды және олардың адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттері басым болып келеді. Менің түсінігімде модернизм деген осы» деп тұжырымдайды.

Құрманалиев Мақсат Тамабайұлы

Алматы қаласы.

Сурет: turkishtravelblog.com

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу