ҚМДБ-ның кеңейтілген төралқа мәжілісі

10-11 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісі өтті. Онда көптеген мәселелері қаралып, талқыланды. Атап айтқанда, діни басқарманың қос басылымы — «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналының 2011 жылға жазылудың қорытындысы бойынша олардың бас редакторлары С.Маханбет пен О.Өмірбек хабарлама жасады. Одан әрі облыс пен өңірлердің өкіл әрі бас имамдары соңғы жылғы атқарған сан салалы қызметтері жайлы есеп берді. Нәтижеде Алматы мен Астана қалаларында, Алматы, Талдықорған, Семей, Қарағанды өңірлері мен Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында бірқатар игілікті істер атқарылғаны атап көрсетілді. Соның ішінде ерекше қызметімен көрінген Семей өңірінің бас имамы Т.Мырзаевқа және республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы деп танылған Алматы орталық мешітінің веб сайт (www.meshet.kz) ұжымына алғыс жарияланды.

Ақтөбе, Жамбыл, Ақмола, Қостанай облыстарындағы бірқатар діни істердің бүгінгі уақыт талабына сай атқарылмай отырғаны атап көрсетіліп, олардың өкіл әрі бас имамдары Б.Есмахан, А.Керімбеков, Қ.Қыдырмин, Е.Балахметтерге жіберілген кемшіліктерді қысқа мерзімде түзетіп, олқылықтардың орнын толтыру міндеттелді.

Соңғы өткен үлкен қажылық қорытындыланды. Бұл мәселе бойынша ҚР Мәдениет министрлігі Дін комитеті төрағасының орынбасары Ж.Мұхаммедқалиев баяндама жасады. Мұнымен қатар жаңа салынып, іске қосылған 20 мешітке дінге, елге еңбегі сіңген тұлғалардың есімдері берілді.

Төралқаның кеңейтілген мәжілісін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі жүргізіп, қорытындылады.

ҚМДБ-ның баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , , , ,

Пікір жазу