Бәйдібек ауданы: ӘУЕЗДЕП АЗАН АЙТУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Шаян ауылындағы «Нақыпбекұлы Әуен мешітінде» әуездеп азан айтудан сайыс өтті. Бұл рухани сайысқа әр ауыл округтерінен келген 16 азаншы біліктіліктерін сынады. Олардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмады. Яғни, 14- 72 жас аралығында үміткерлер де қатысты. Рухани бәйгеге төрелік еткен қазылар азан шақыруды өз нақышына келтіре айтқан жезтаңдайларды сыннан өткізді. Бұл шара азанның маңызы мен азаншының Исламда алар орнын насихаттауға арналып отыр.

- Азанның пайдасы мол. Мысалы, ашуланып тұрған адам азанды естігенде жақсы күйге түседі. Бұған дейін Құран оқу секілді сайыстар өткіздік. Бірақ адам баласын жақсылыққа шақыратын, үлкен ғибадат — азан жайлы мәлімет аз. Олар азанның әдемі үнін естіп, мешіттерге ағылып жатады, – дейді аудан имамы А.Оспанов.
Бұл амал жамағатты намазға шақыру үшін айтылатындықтан, азаншыға қойылатын басты талаптың бірі — оның даусының зор болуы. Қазылар сайыскерлердің әдемі әуезімен қатар, оқу нақышын және азанның тарихынан да құлағдар етіп отырды. Бұл сайыста жеңімпаздар да анықталды. Топтың арасынан жарып шыққандар С.Сағымбай, Р.Нұрлыбекұлы, Н.Сұлтанбек, Ұ.Лесбеков, М.Досбергеновтер жезтаңдай — атанды. Қатысушылардың бәрі қошеметсіз қалған жоқ.

Б.БАЛТАЕВ.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу