Қазығұрт ауданы: Мәуліт айындағы қамқорлық

Адам баласының  Аллаһ Тағалаға шүкір етуі – сәжде жасауы, ораза ұстауы, садақа беріп, құран оқуы секілді түрлі ғибадаттар арқылы жүзеге асады. Ендеше, рақым пайғамбар – Мұхаммедтің мәуліт күні дүниеге келуінен де артық Аллаһ Тағаланың қандай жақсылығы, нендей үлкен нығметі бар»

Алланың ризалығын алу ниетімен Пайғамбарымыздың Мұхаммед с.ғ. у-ның туылған Мәуліт айының құрметіне мереке қарсаңында Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар» мешітінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы бір топ кәсіпкерлердің демеушілігімен аудан  көлеміндегі мұхтаж отбасыларда ескеріліп, аудан бойынша 35-  отбасыға азық түлік ретінде: әр отбасыға- ұн(1 қап), май(5 литр),қант(5кг),картоп(25 кг),пияз(25), кәмпиттер(5кг), күріш(10 кг),вермишель(10кг), сабын(2 дана), порошок(2 дана) таратылды . Сонымен қатар 1 мұхтаж отбасыға қаржылайда көмек жасалды. Балдары мектепте оқитын 3 мұхтаж  отбасыларға  мектеп киімін алып берілді.  Жылыту жүйесін іске қоса алмай жатқан 2 мұқтаж отбасыларға жылыту жүйсін қосып беру қолға алынды.

Облыс орталығындағы «Шымкент медресесінде» оқып жатқан 1  шәкіртке қаржылай қамқорлық жасалды. Бұл игі істің басында ауданымыздың бас имамы Полатов Еркін Тұрғынұлы тиісті мұқтаж отбасыларға үлестірді.

Аллаһ тағала разы болсын. Аудан имамының басшылығымен мұхтаж отбасыларды мешіт есебінен және демеушілік жолдарменен қамқорлық жасап келеді. Қолдан келсе мұхтаж жандарға қамқорлығымызды жасайық. Қамқорлық игі іске үлес қосып жатқан жандарға Алланың ризалығы болсын.

Мереке құтты болсын ағайын!

Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар»

мешітінің имам орынбасары М.Каримов

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу