Қазығұрт ауданы: «Қош келдің,Мәуліт айы!» рухани мерекелік кеші.

2012 жыл ақпанның 21-ші жұлдызында Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар» мешітінің ұйымдастыруымен аудан имамы Eркін Полатовтың басшылығымен аудандық  «Мәдениет сарайында» «Қош келдің,Мәуліт айы!»рухани мерекелік кеші өтті . Кешке Облыс өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагельдиев, имам орынбасары Е.Орын, Шымкент қалалық мешіт имамы Ә.Тойшиев, аудан әкім орынбасары Г.Тағаева, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Махсутов, аудандық төбе би И.Телікбаев, ҰҚК аудандағы бөлімше бастығының орынбасары Н.Бекжигитов, Зафар қоғамдық бірлестігі дінтанушы З.Оразбаев,   аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Л.Әбдіқұлова, маманы Б.Орынбаев, Қазақстан-Шымкент тілшісі С.Қалботаев, БАҚ-ы, аудан көлеміндегі ауыл имам молдалары, қажылар, ауыл билері және ардагерлері, дінтанушы пәнінің мұғалімдері, ауыл тұрғындары

Мереке күні келген қонақтарға аудандық мешіт  350 адамға «Ғаламның Рахым Нұры» аты кітап және «Иман» жұрналының №2 санынан  100 дана таратылды. Келген қонақтарға «Мәуліт» дастарханы жайылды.

«Сүйінші соңғы пайғамбар дүниеге келді» атты  роликпен кеш басталды

Мерекелік кешті Бекзат.Сәкенұлы жүргізді.  Алғаш сөз құранға берілді. Құранды «Смайыл-ата» мешіт имамы  Қошанов Бақтияр оқып ,  Өкіл имам Бейбіт қажы Мырзагельдиев бата жасады.

 Кешті ашып беру үшін Құтықтау сөзімен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Өкіл имамы Мырзагельдиев Бейбіт қажы Әліпбекұлы сахна төріне құрметпен шақырылып, жиналған қауымды мерекемен құтықтап,  Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.у.-ның өміртарихын кеңінен насихаттады.

Өкіл имам құтықтауынан соң Нұр-дастан тобының орындауында «Иман нұры» және «Ана» әні шырқалды, Қазығұрт аудандық орталық мешіт шәкірті, жас ақын Пернебек Манасбектің орындауында «Пайғамбарымыз Мұхаммед с,ғ.у-ға» арнауы ,«Тәубе» көрінісі, Мәуліт құтты болсын  ролигі, Мәуліт оқылды,   Ерлан Бегалиевтің орындауында «Терме» тартылды,  Кенже Борайдың «Мүмкіндік» монологы, көрермендер арасында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, жауап беруші жеңіпаздарға аудан имамы Е.Полатов «Имани гүл» кітабын   сыйлыққа тарту етті . Кеш соңында Бекзат Сәкенұлының орындауында  «Зікірулла» атты әсерлі  әнімен тамамдалды. Кеш жақсы әсерлі өтті. Көпшілік көңілінен шығып, арнайы ауданымызға келген өкіл имам Бейбіт қажы Мырзагельдиевке   рахметтерін айтты.Мереке соңында барлық адамдар бірін бірі мерекелермен құтықтасып. Қуанышпен тарасып жатты..  Кешті ұйымдастырған аудан имамына оның жанындағы имамдарға көпшілік ризашылықтарын білдіріп. Өз кезегінде ауданымыздың бас имамы «Асыл мұра» өнер орталығына сәттіліктер тілеп, шақыруымызды қабыл алып ауданымызға келіп имандылық , руханият кешін өткізуге үлес қосқандарына, кештің өтуіне себепші болған аудан әкімдігіне және мәдениет үй  басшыларымен , қызметкерлеріне рахметін айтты. Кеш барысын Қазақстан-Шымкент телеарнасы түсіріп, Өкіл имам Бейбіт қажы Мырзагелдиев мерекелік сұхбат берді.

Қазығұрт аудан имам орынбасары М.Каримов

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу