Мақтарал ауданы: Мәуліт аталып өтті

Ақпан айының 24–ші жұлдызы, қасиетті жұма күні Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің ұйытқы болуымен Жетісай қаласындағы «Қазақстан» студенттер үйінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.у) мәулітіне орай ұйымдастырылған «Ол адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы еді» атты рухани мерекелік кеш өтті. Аталмыш кешке  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі, облыстық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Аділхан Абжанов, аудандық мәслихат депутаты, мекеме басшылары, мектеп директорларымен ауыл имам-молдалары, студент жастар және қала тұрғындары, жалпы 600 ден астам халық қатысты. Мерекелік кеш Алланың Кәләмі қасиетті Құран оқумен басталып, құқттықтау сөздермен жалғасын тапты. Алғаш болып құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары А.Абжанов жиналған куымды қасиетті мәуліт мерекесімен құттықтап бүгінгі рухани шараны ұйымдастырушыламен оған қатысушыларға өзінің алғысын айтып жылы лебіздерін білдірді. Кезекті сөзге шыққан Оңтүстік Қазақстан облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев мерекелік кешке жиналған көпшілікті қасиетті мәуліт мерекесімен құттықтап, пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.у) – ның өнегелі өмірінен ғибратқа толы, мәнді де мағналы насихат сөздерін айтты.

  Кешке арнайы шақырылған Шымкент қаласындағы «Асыл мұра» шығармашылық орталығының өнерпаз жастары діни әндер шырқап жастар үшін тәрбиелік мәні зор әсерлі көріністер қойды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.у) өнегелі өмірі жайлы бейне ролик көрсетіліп, пайғамбарымыздың (с.ғ.у) өміріне қатысты сұрақ жауап ойындары ұйымдастырылып, дұрыс жауап берген ойыншыларға бағалы сыйлықтар үлестірілді.  Аудандық орталық мешіттің ұстазы Умітжан қари арабша мәтіндегі мәуліт жырларын оқып,  залдағы барша жамағат бір сәт орындарынан тұрып пайғамбарымызға (с.ғ.у)  салауаттармен сәлемдер жолдады. Кеш өте қызықты әрі әсерлі өтті.




Нұрматов Абдурахма, Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің найб имамы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу