Өкіл имамның Қазығұрт ауданына іс сапары

Үстіміздегі жылдың ақпан айының соңғы күндерінде Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында Оңтүстік Қазақстан облысының өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагельдиев имамдармен діни семинар өткізді. Жиналысқа өкіл имам  орынбасары Орын Ербосын және Шымкент қаласының имамы Әділбай Тойшиев, Аудан имамы Полатов Еркін,  Аудан әкімінің орынбасары Гульмира Тағаева, ҰҚК аудандағы бөлімше бастығының орынбасары Нұрымбет Бекжигитов, Зафар қоғамдық бірлестігі дін танушы Зәріпбай Жұманұлы,. Аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Ләззәт Әбдіқұлова, аудан аралық ауыл имам-молдалары қатысты. Діни семинар барысында Облыс өкіл имамы «Ислам дінін жамылған кері ағымдар. Экстремизм алдын алу, Мешіттердің қазіргі ахуалымен тыныс тіршілігімен танысу, Мешіттердің тіркелуі және имам молдалардың білімін көтеру жайлы кеңінен әңгемесн өрбітті  Сөз алған Б.Мырзагельдиев: Кері ағымдар жөнінде біртіндеп саралап түсінік бере отырып, басқа   ағымдар дініміздің атын жамылып жүрген теріс ағымдар.

ҚМДБ нан арнайы жұма намаз уағыз тақырыбы келіп отыр сол тақырып аясында уағыз айтып, Бесін намазынан соң және мазарат басында уағыз айтуға пайдалансаңыздар болады. Имамдардың  білім деңгейін көтеру керек сол бойынша қәзіргі таңда жұмысымызды бастап кеттік., жалпы ақпан және қараша айларының арасында барлық облыс бойынша  600 имам молдалар білім алып шығады. Осының ішінде Қазығұрт ауданы бойынша 40 тан астам имамдар білім алатындығын атап, қазіргі таңда Қазығұрт ауданы бойынша ақпан айында 4 имам оқып жатқандығын айтты.  Сабақ барысында Облыс өкіл имамы  және білікті мамандармен професорлар дәріс беруде. Сонымен қатар өкіл имам жиналысқа қатысып отырған әр имамнан жеке-жеке мешіттің ахуалымен танысып шықты. Мешіттің жамағаты қалай , жылыту жүйесі барма және мешіттің жағдайы қандай жағдайда екенін сұрады. Ауыл және елді мекен имам-молдалары Өкіл имамға мешіттің тыныс тіршілігін жеткізе отырып , кейбір мәселелерді де ортаға салды. Өкіл имам өз сөзінде имамдар өз ісіне жауапты болуын қатаң тапсырып, өздеріңізге мешіт айналасындағы істеріңіздің атқарыңыздар, мешіттеріңізді жамағат баратындай жағдай жасау жұмыстарына мән беру керектілігі айтылды. Елдің ынтымағын бірлігін нығайту үшін имамдардың жігерлі еңбектері қажет.  Сөз соңында өкіл имам бұл мешіт айналасындағы құжаттандыру жұмыстарын аудан имамымен бірлесіп тез заңдастыруды,сонымен қатар діни ахуалды бұданда жақсарту керектігін айтты..Және шақырылған жиналыстарға жауапкершілікпен қатысуды ,тапсырылған тапсырмаларды орындауды атап өтті. Соң жиналысты қорытындылап бата жасады.

Жиналыстан соң. Өкіл имам Б.Мырзагельдиев және аудан әкім орынбасары Г.Тағаева аудандағы діни ахуалды жақсарту бойынша өзекті мәселелерді талқыланды

 Қазығұрт ауданы Мурат Алимбеков.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


− 1 = 2