Әлеуметтік желілердің пайдалы жақтары

Қазіргі уахабилік немесе сәләфилік ұстанымдағы жастардың қатары неліктен көбейіп барады? Олардың білім ошағы қайда, ілімді қайдан алады, ұстаздары кім? Қазақстандағы бүкіл мешіттер мен медреселер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қол астында болып, елімізде ханафи мәзһабы негізінде уағыз жүргізілсе де, уахабилер қатарының азаймай жатуына түрткі не? Иә, мұның себебі бүгінгі ғаламды торлаған интернетте жатыр-ау… Міне, бұл мақаламдағы әңгіме осы ғаламтор ғаламаты, дін насихаты үшін оның пайдалы тұстары жайында болмақ.
Енді бұл тақырыпты қозғауыма не себеп болды десеңіз, күні кеше Атырау қаласына барып, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастар терроризмге қарсы» атты жастар форумына қатысқан болатынмын. Шараның басты мақсатын «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мейірім Қалауи дін мәселесінің бүгінде өткір тұрған қоғамдық проблема екендігін атап айтып, осы себепті: «Бес жүз адамды жинап, мәселені оның елуінің миына тоқып кеткеннен гөрі, жүз адамды шақырып, олар алған ақпараттарын тағы бір мың адамға жеткізсін деген ниетпен шақырып отырмыз», – деп түсіндірді.
Діни фанатизм, радикализмге төтеп берудің қандай тиімді тетіктері бар? Ғаламтор ке-ңістігін діни идеологияға қалай пайдалануға болады? Имамдарды тыңдаушы аудиторияны кеңейту үшін не істеу керек? «Жастар терроризмге қарсы» атты об-лыстық жастар конференциясы осы сауалдарға жауап іздеді.
Конференция барысында «жас-тар мұғалімдердің, ата-аналардың тыйымына, талабына бағынбай, дінге неге жанкештілікпен бара-ды?» деген мәселе де көтерілді. «Өйткені, қазір Кеңес үкіметі кезіндегі буын мен тәуелсіз ұрпақ арасында екі идеологиялық пайым-түсініктің соқтығысы болып жатыр. Ал, қазіргі жастарда рухани құштарлық пайда болды. Оларға рухани қолдау керек екені белгілі. Сондықтан, ұстаздар мен жастар арасындағы түсініспеушілікке жиі апаратын мәселелер бойынша аптасына бір рет бас қосып, имамдармен кеңессе, 3-4 жылда дінтану пәнінің білікті мамандарын да даярлап шығуға болар еді» деген ойлар да айтылды.
Аталмыш форумда «Дін және БАҚ» секциясына модератор болдым.
Аудиториялардағы ашық диалог аяқталған соң, конфе-ренция жұмысы қорытын-дыланды. Мен басқарған «Дін және БАҚ» секциясының аты-нан ұстаздардың имамдармен байланысын арттыру, ҚМДБ-ға қарасты сайттарды жарнамалау, діни мәселелер бойынша блог-тар ашу, жастарға қарапайым түсінікті тілде сайттар ашу, ІТ-мамандарды жұмылдыру, мешіт пен БАҚ арасында тығыз байланыс орнату, құқық қорғау органдары тарапынан діни басы-лымдардың таралуына қадағалау жасау сынды ұсыныстар айттық.
«Дін және жастар» секциясын жүргізген И.Тайманұлы атындағы орта мектептің дінтану пәнінің мұғалімі Орынтай Биманова оқу орындарындағы ұстаздардың діни біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, жастар арасында тәрбие жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізу, дін тақырыбына баспасөз беттерінде арнайы айдар ашу, ҚМДБ-ға қарасты «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналына жазылуды, «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры» шығарған діни әдебиеттерді оқу орындарында тегін таратуды көбірек ұйымдастырса деген ұсыныстар айтты.
Мен өз кезегімде мешіттердегі уағыздарды МР3, МР4 формат-тарында таратуды, арнайы бейнематериалдар жасауды, әсіресе жергілікті телеарналар арқылы мүфтият сайттарындағы уағыз-дарды насихаттайтын 1-2 минуттық бейнеролик жасауды, мұның барлығын бір сайтқа арнайы жинақтауды ұсындым. Оның себебі, бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты он бес сайт жұмыс істеп тұрған болса, солардың санаулысы ғана интернет кеңістігінде танымал-дыққа ие. Шыны керек, діни жағынан өте білімді бола тұра, имамдар интернетті айтарлықтай меңгермеген. Біздің осы әлсіз тұсымызды сектанттар тиімді пайдаланып отыр.
Имамның бір мешітте айтқан уағызы әрі дегенде бес жүз, орталық, облыстық мешіттерде, мың, екі мың адамға жетер. Интернет арқылы біз сол уағызды бір сәтте миллиондаған адамға жеткізуіміз керек. Хрестоматия дегенді бұрын біз кітап деп қарап келген болсақ, қазір оның мр3, мр4 деген түрлері пайда болды. Осындай байланыс құралдары арқылы жастар уағызды тыңдайды, бейнеролик арқылы көреді. Тиісті мемлекеттік мекемелер, мектептер, мешіттер діни ақпараттарды тұрақты түрде сайттарына салып тұруы қажет. Және де рухани орындар mail.ru, twitter, facebook сынды әлеуметтік желілердің мүмкіндігін тиімді пайдалануға міндетті.
Шариғатта және басқа да көптеген салаларда ұстаз, шәкірт деген атаулар бар. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, ұстаз шәкіртті тәрбиелеуді өз міндетіне алды ма, соңына дейін жеткізуге міндетті. Ал шәкірттен талап етілетін нәрсе – ұстаздың алдында отырып сабақ алуы.
Бірақ бүгінгі күні бұл түсінік өзгерген секілді. Себебі ұстаздың қатары да, түрі де көбейді. Осы күнгі «ұлы» ұстаздың бірі интернет немесе “google” десек те болады. Бұл ұстаз шаршамайды, жалық-пайды, керегіңді бірнеше секунд-тың ішінде тауып береді.
Адамдар кітап оқудан қалып, тыңдағанды немесе көргенді артық көретін жағдайға жетті.
Менің айтпақ ойым – бұны дұрыс не бұрыс деп айыптау емес. Қандай нәрсе болмасын, оны жақсы жағына қарай қолдана білу керек. Мысалы, интернетті дұрыс пайдаға асыра білсек, ол үлкен күш, әлеует. Дін мәселесіне келгенде, интернеттегі дұрыс уағыздар мен діни материалдарды тауып, жастарға ақпарат беріп, бағыт сілтеп және онда жөні түзу түрлі форматтағы мақалалар мен аудио және бейнематериалдарды салып отыру – біздің міндетіміз болмақ.
Қазіргі күні бір орыннан қозғалмай-ақ, шетелде жүрген теріс ағымдардың көшбасшылары осы интернет желілерін пай-даланып қазақ жастарына әсер етуі мүмкін. Оған бүгінде толық мүмкіндіктері бар. Мысалы, қазір аттары танымал Ринат, Ділмұрат, Халил секілді сәләфилік ағым-ның уағызшыларын көпте-ген жастар көрмеген. Бірақ дауыстарынан таниды. Олардың интернетте көптеген уағызда-рын, насихаттарын кездестіруге болады.
Олар осы әлеуметтік желілер арқылы өздерінің идеоло-гияларын таратып жатыр. Бір ғана мысал: ҚазҰУ-дың студенті Мәдина Жеңісованың анықтамасына сүйенер болсақ,  м-агент – ТМД көлеміндегі ең әйгілі жылдам хабар алмасу бағдарламасы. Бүгінде mаil.ru-дың агентін дүние жүзінде 16 млн. адам қолданса, бір уақытта 2 млн. адам желіде отырады екен. Бұл осы заманның жетістігі.
Ал осы жетістікті біз де пайда-лана білуіміз керек. Тағы да қайта-лап айтқым келеді, ол үшін арнайы сайт болу керек. мр3, мр4 формат-тарында аудио, видео материалдар көптеп сапалы дайындалу керек. Және сол материалдарды уақы-тылы интернеттегі сайтқа салып отыру қажет. Интернетте аталмыш уағыздар болған соң, міндетті түрде пікірлер, сұрақтар, қарсы пікірлер болады. Оларға тұщымды, дұрыс жауаптар өз уақытысында, кешіктірмей беріліп отыру керек. Бұл жұмыстар діни сауатты адам-дарды қатыстыруды қажет етеді.
Әлеуметтік желілер арқылы онлайн-конференциялар, онлайн-сабақтар жүргізуге де болады. Сайттың арнайы сұрақ қоюға ар-налған телефон номері болғаны да дұрыс. Ол сұрақтар басып алынып, сайтқа жауаптарымен бірге қойылса да болады. Сол кезде қалған жастардың да қызығушылығы пайда болады.
Сайтты ашқан соң, сол сайттың атымен твиттерде, фэйсбукте, скайпта, м.агентте, т.б. әлеуметтік желілерде аккаунтарын ашып, сол желілерде күнделікті іс-әркеттерін жариялап отыру қажет.
Біз «Kattani.kz» сайтында сұрақ-жауап бетін ашып, 1 жыл ішінде 3000 шамасында сұрақтарға жауап бердік. Бұл жылы сұрақтар көбейген соң, жаңа субдоменге көшірдік. Сайттың ішінде міндетті түрде форумның да болғаны дұрыс деп ойлаймын. Интернетте “сәләф форум” деген форумдар көптеп кездеседі. Сол форумның орнын басып, керек болса басып озатын-дай болуымыз керек.
Бұл жазбаларды жәй ғана арман не алдағы жоспар ретінде қалдырмай, ертерек іске асырған жөн. Біз жоспарда бар, іске асырамыз деп жүргенде кешігіп қалуымыз ғажап емес. Кешіктік десек те болатын шығар. Өйткені, қазір біздің күнделікті қоғамдағы діни ала-құлалық секілді, интернеттің ішінде де дәстүрлі дінімізге қайшы, теріс уағыз тарататын сайттар көп. Оларға мемлекет болып қарсы тұруымыз керек.
Дегенмен атыраулық бір журналист радикалды бағыттағы сайттарға тыйым салып қоюмен мәселенің шешілмейтіндігін, өйткені телефон, кітап сынды қа-рапайым ғана байланыс құрал-дарының мүмкіндігін шектеу қолдан келмейтіндігін, ол үшін кез келген адамға сайт ашуға жол бермеу керектігін, сондықтан да, ҚМДБ он төрт облыстан діни лидерлер дайындап шығарып, олардың жеке блогын ашуға көмектессе, қаржыландырып отырса, көп нәрседен ұтуға болатындығын айтты. «Ресми орынның сайтымен қарапайым интернет қолданушының ара-сында көзге көрінбейтін перде тұрады. Ал, жекелеген адамға сұрақ еркін қойылады», – деді ол.
Менің ойымша, көптеген жастардың секта соңында ке-туінің негізгі себебі – ол бүгінгі өміріміздің қан тамырына айналған «Қазнеттің» дамымай отырғандығы, діни ақпараттар-дың аздығы, мәліметтердің жаңармауында. Демек имамдар қаншалықты діни сауатты, білімді болса, соншалықты заман талабына сай компьютерді, интернетті меңгеруі керек.
Ойыңыз болса, ортаға салыңыз, іште қалмасын…

Ұлықбек Әлиакбарұлы, 
«Kattani.kz» сайтының администраторы

http://www.islam-orkeniet.kz/?p=1660

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Бауырлар Алланың нұры жаусын барлықтарыңызға! Біз ахли сунна уальжамағатпыз,..біз сәләфи емеспіз…біз бөлінбейміз…пайғамбардың өзі ахли сунна уальжамағат деп айтып кеткен…салафит(ит)тер..деп айтқан жоқ…салафи дегендеріміз алдынғы уш ғасырда өмір сүрген мұсылман бабаларымыз…біздің сеніміміз сол үш ғасырда өмір сүрген бабаларымыздың сенімі…қазіргі салафсымақтардың сенімі мүлдем басқа.. олар мушаббихалар яғни Алла Тағаланы жаратылысқа ұқсатушылар..еврейлердің христиандардың сенімі сияқты..Алла сақтасын олардың азғыруынан..қазіргі заманның фитнасы ғой олар..ондай сеніммен жүргендер яғни ұқсатушылар тозақтықтар..солардың кесірінен исламға кір жағылды..есіл дерттері имамдарға қарсы шығу..ғайбат айту…білімсіз пәтуа айту..мемлекетке қарсы шығу.. қыру жою..бұдан құтылу жол ол білім алу іздену шарғи фиқхи тарихи ахлақи кітаптарын оқу куніне ең болмағанда жарты сағат уақыт жане Алланың үиінен яғни мешіттерден.. екі ауыз арабша білетін салафиттерден емес..әр заманның әр түрлі сынағы болады демекші біздің заманымыздың сынағы салафитсымақтар(ең қауіптісі)батыстан келген сананы улайтын сериалдар..интернеттегі шайтани сайттар..Алла сақтасын баршамызды!!!!!!!!!!!!


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ақиқатты іздеймін деп, әрдеңенің басын шалып жүр осы жастардың біразы. Әгәраки таза ғылымды қуса еді олар, сол Төрт имамның берген бәтуаларына қайта оралар еді.


  3. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Меніңша осы мәселені әр жұма сайын уағызда кем дегенде айтып өту керек. Ешкім салафи боламын дегендерді бөлмейді елден. Бірақ олардың өздерө қыбылаға қарап намаз оқып, раббым Алла, Пайғамбарым Мухаммад деген жергілікті бауырларды бидғатшы, мушрик, кәпір деп саусақтарын шошайтады. Ата бабаларымыз адасқан, Яссауи сопист, имамдар түкті білмейді (олардың ойынша барлық ақида мен фикхты әл-Албанидан үйрену керек). Саудиядағы Абу Ханифа медресесі бар екен, сол жерде намазды өздеріне ұқсап оқытады екен. Бүгін қанымды қарайтты, жұманың парызы аяқтала салысымен тауықханадан қашқан түлкіге ұқсап мешіттен қашып шығады. Бата қылғанда қолды жаймайды, жайса бетін сипамайды. Ассаламу алейкум десең «Уа алейкум» деп жауап береді. Яғни кәпірге жауап бергендей. http://meshet.kz сайтында Бути деген ғалымның кітабы бар екен. Сол кітапты имамдар жаттап алып айтып отырса екен. Әр жұмада кем дегенде 15 минут уағыз осы мәселеге бағытталмаса болмайды.


  4. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ассалямуалейкум бауырлар! Салафилер неге кобейип жатыр деп ойлайсыздар ма? Себеби олардын дагуатында ен биринши ТАУХИД! Жане Куран мен Суннадан ашык далелдер! СубханАллах! Оздерине далел келе тура кабылдамай оз нафсисне ергендердин жагыдайы киын гой! Бауырлар Куран жане Суннадан мыктап устасандаршы! «Ата-бабам былай истеди, былай истеди» деген соз далел емес кой!


    • Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

      Уа алайкум ассалам. Мәселе көбейіп немесе азайып бара жатқанда емес. Не себепті имамдарға қарсы шығып, мазхабты теріске шығарады сол жөнінде. Сіз ақыры сол Ділмұратты тындайтын шағарсыз. Егер солай болса оны жақсылап тыңдап шығыңыз, ол мазхабты мойындама не имамдарға қарсы шық деп жатырма? Егер солай десе фитна шығарумен айналысып жатыр. Бірақ мына сайттағы мр3терінде ол тыңда деп айтқан екен.
      Біз нәпсімізге еріп жүрген жоқпыз. Имамдар тек қана ата бабамның жолы деп жүрген жоқ. Олар да Ислам үшін қызмет етіп жүр. Елді бірлікке шақырып ата бабамыз ұстанып келген Абу Ханифа мазхабы бойынша уағыздарын қолдарынан келгенше, шама шарқынша жүргізіп келеді. Барлық имамға жала жауап, ғайбаттан ұзақ болыңыз. Ұ.Алиакбарұлы.


  5. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    ханафи мазхабынын алимдарынын китаптарынан
    дарс жургузу керек жане ол лекцияларды мр3 туринде коптеп тарату керек, мысалга: ибн абидин,кудури,мулла аль-кари, имам мухаммад,абу юсуф,тахауи,самарканди,матуруди,насафи т.б ..менин тусинбейтиним неге имамдар ен болмаса осы аталган алимдардын китабынан дарс жургизбейди?сонда жастарымыз еш адаспас еди..олардын тындайтын лекциялары мынандай шейх былай деди, мынандай далел келтирди деп жуйткиди, одан биздин имамдар жата кеп окпелейди бизди тындамайды,пыскырмайды деп..кайдан тындасын буйту керек суйту керек дегенше далелмен уагыз айтса ахли сунна имамдарынын китаптарынан дарс жургиссе булай болмас еди, олар коз майын тауысып коп китаптар жазганжок па еди?! сан алуан такырыптарга!!! оздигинен немесе ар китаптан бир-бир сойлем алып уагыз айтканша дуниеден откен каншама алимдарымыздын туындыларынан дарс-уагыз айтса нур устине нур болар еди,сонда ешкимде адаспас еди,жастарда далел далел деп копирсимейтин еди .катты айтсам Алла разылыгы ушин кешириниздер! бирак менде халкым елим журтым деп журген азаматтын биримин менде каламаймын ертенги куни урпактарымыздын адасып журуин.мазхабымыз ханафи,акыйдамыз матуруди Аллага шукр! бауырлар Алла жардем берсин жумыстарынызга,…мысалга фикхтан кудури китабы бойынша мр3 дарс, акыйдадан тахауи мулла аль кари таржимеси мр3 дарс,бул китаптарды калын журтшылык тусинер еди..ар такырыпка кем дегенде бир сагат уагыз жазылса, далелдермен мысалдармен жане адасушы уаххабтардын кателиктери жайлы бирер соз козгалса фикхтан немесе акыйдадан болсын дарске карай. сонда бир кадам болса да алга басар едик сол кезде корер единиздер жастардын дастурли деген динге куштарлыгын.


  6. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Айтқаныңыз өте орынды ғой. Мен бір нәрсені ажырата алмаймын. уахабилік немесе сәләфилік ұстанымды ханафи мәзһабы ұстанымынан қалай ажыратуға болады,ерекшеліктерін атасаңыз.


  7. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Имам Абу Ләйіс Самаркандидын «Танбихул Ғофилин» кітабында «Имамдар адалдан мал жинаса, халық күмәндіден мал жинайды, имамдар күмәндіден мал жинаса, халық арамнан мал жинайды, имамдар арамнан мал жинаса, халық кәпір болады» — деген бар. Қазір халықтың арасында ескі адамгершілік қалып барады. Соны қайта жандандыруға күш салу керек, Сіз бен Біз болып. Ал ақиқатты айтпай, байдың алдында күмілжу деген бәле Үмайианың да, Аббастардың да, одан қалды Османлының да тұбіне жетті. Қол бірікпей ине ілікпейді. Кешегі қазақ та орысқа солайша жағынам деп барынан айрыла жаздады емес пе? Егер шынайы жанашырлық болмаса, мың форум ашса да пайдасы болмайды. Ал халықты тура жолға салам деген адам, алдымен өз нәпсісін билесін, сосын отбасын билейді, сонан соң елін билейді. Оны да қазақ айтқан.


  8. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Енді айтпаса Сөздің атасы өледі деген. Дегенде біздің кейбір имамдарымыз дәулетті адамдардың алдында тыпырлап, кібіртіктеп жатады. Соларға аса жұмсақ сөйлеп, Алланың ақиқатын нақты айтпайды. Мен ешкімді жамандағым келіп тұрған жоқ, бірақ оларды көрген жастар салафилердің сөзіне ергіш келеді. Мысалы кез-келген діни жоралғыны өткізгенде дәулетті адамдарға мұлайым болып тұрады. Ал салафимыз дегендер нақты аятта осылай, хадисте осылай, кессең міне басым деп тұрады көбінше. Мұны көрген көп жастар соларға ереді. Ал оларға ерген бауырыңды қайта бері тарту өте қиын. Осыны ойланыңыздар. 1997 жылдары Абдулла Жолдастың уағызын тыңдауға Жетісайдан адамдар келеді деп есітуші едік. Сол кісінің уағызымен өзіміз сусындап өстік. Ал қазіргі кезде уағызды жүректен шығарып, халықты жылатып айтатын имамдар керек.


  9. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Өте орынды, оған қоса кешегі орамал тартқан қарындастарымыз бен әпкелерімізге салафи, араб, уахабшылсыңдар деп жан жақтан түрткілектегенде, оранып жүру Алланың әмірі деудің орнына талай молдаларымыз: ата бабамызда арабша орану болмаған, қыздарымызды бетінен қақпай еркін өсіргенбіз, біз өркениетті елде өмір сүреміз деп орамал тартқан қарындастардан теріс айналғандай болатын. Дінбасымыздың Оранып жүруге мен қарсы емеспін, өйткені ол Алланың әмірі дегенінен кейін беті бері қарағандай болатын. Ал Алланың ақиқатын айту үшін муфтиіміздің рұхсаты керек пе сонда? Жарайды, тақырыптан ауытқымайын, өздерін сәләфпыз дегендер үшін біздер (Ханафи мазхабынын фатуаларын қабылдағандар), біз керек десеңіз бидғатшы, одан қалса мушрик есебіндеміз. Өздерімен ақырын сөйлессеңіз анысын байқайсыздар. Ал олардың бетін қайтару үшін ғылымы күшүі имамдар керек. Айтқандарыңызға толық қосыламын. Жан-жақты жұмыс жүргізу қажет.

Пікір жазу