ИМАНДЫ ҰРПАҚ — ОТАН ҚОРҒАНЫ

Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасының облыстағы өкiлдiгi Шымкент медресесiнде  бiр айлық дiни бiлiмiн жетiлдiру курсынан өтiп жатқан елу имам үшiн арнайы кездесу ұйымдастырды. Жүздесуге облыстық iшкi саясат басқармасының бастығы Б.Жалмұрзаев, зиялы қауым өкiлдерiнен «Егемен Қазақстан» газетiнiң Оңтүстiк өңiрдегi арнаулы тiлшiсi, жазушы М.Байғұт, Дүниежүзi қазақтары республикалық қоғамдық бiрлестiгi ОҚО филиалының төрағасы, ардагер-журналист Б.Қонысбек, облыстық iшкi саясат басқармасы «Әлеуметтiк бастамалар орталығы» мемлекеттiк қазыналық мекемесi директорының мiндетiн атқарушы А.Төлеген шақырылды.


«Иманды ұрпақ көбейсе, Отанның берiк қорғаны» деген төрдегi жазу еркiн тақырып аясында өткен басқосудың руханияттан басқа ешқандай мәселеге ауытқымайтынын алдын ала аңғартқандай болды. Бiрiншi болып сөз кезегiн алған Б.Жалмұрзаев дiни ахуалды реттеудiң бiрден-бiр жолы имамдардың бiлiмiн көтеру дегендi тiлге тиек еттi. Ол биылдың қарашасына дейiн 536 имам осы медреседе арнайы курстан өткiзiлетiнiн, сол үшiн мемлекет әр имамға төленетiн 25 мың теңге шығынды өз мойнына алып отырғанын да жеткiздi. Облыстың құрметтi журналисi Б.Қонысбек кертартпа ағымдар елдiң iшкi бiрлiгiнiң жоғалуына, ата-дәстүрден айырылуына көп кесiрiн тигiзiп жатқанын айтып қынжылса, жазушы М.Байғұт имамдардың дiни әдебиет саласында ғана емес, көркем әдебиетте де жан-жақты болғанын қалады.
Кездесу барысында имамдардың да айтары болды. Олар дiни-сенiм бостандығы туралы заңға енгiзiлген жаңа өзгертулердiң пайдасы, сондай-ақ мектептерде түсiндiрме жұмыстарын жүргiзудiң жайы туралы сөз қозғап, әңгiме барысында молдалар әлеуметтiк қолдаудан шет қалып кеткендiгiн де айтып өттi.
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ.

http://oks.kz/Muragat/2012/35/5kezdesu.htm

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу