Хайыз және нифас кітабы – ЕТЕККІР ЖӘНЕ НИФАС СЕБЕПТІ ОРЫНДАУҒА БОЛМАЙТЫН НӘРСЕЛЕР

1. Намаз оқу. Етеккір және нифас кезінде әйелге намаз оқуға болмайды. Пайғамбарымыз (с.а.у) Фатима бинт Әбу Хубайшқа: «Етеккір кезінде намазды тоқтат, біткен соң қанды тазалап, бой дәретін ал және намаз оқы», - деп бұйырған.

Әйелдер етеккір кезінде оқи алмаған намаздарының қазасын өтемейді, бірақ ұстамаған оразаларын рамазан айынан басқа уақытта ұстайды. Айша анамыз (р.а.): «Біз етеккіріміз келіп жүрген кезде намаздың қазасын өтемегенімізбен, Алланың Елшісі (с.а.у) оразаның қазасын өтеуімізді бұйыратын еді», — деген.

2. Ораза ұстау. Етеккір немесе нифас кезінде әйел ораза ұстамайды. Бұған Айша анамыздан (р.а.) жеткен жоғарыдағы хадис дәлел бола алады. Алайда рамазан оразасының қазасын өтеу қажет.

3. Тауаф. Пайғамбарымыз (с.а.у) қажылық барысында етеккір болған Айшаға (р.а.): «Етеккірі кезінде тазаланғаныңша Байтуллаһты (Қағбаны) тауаф етпе, алайда қажылардың істеген басқа қажылық ғибадаттарын орындай бер»,деп бұйырған.

4. Құран Кәрім оқу. Құран Кәрім кітабын қолмен ұстауға, оны алып жүруге болмайды. Алла Тағала:

«Оны (Құранды) тек тап-таза болғандар ғана ұстайды», — деп ескерткен. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.а.у): «Етеккірлі әйел және жүніп болған адам Құраннан еш нәрсе оқи алмайды», — деген.

Етеккірлі әйел немесе жүніп болған адамның қорапқа салынған немесе сырты оралған Құранға қол тигізуіне не алып жүруіне болады. Сонымен қатар ғылыммен айналысқан адам тәфсир, хадис, фиқһ кітаптарын лажсыздықтан киімінің жеңімен не қолымен ұстай алады. Құран парақтарын дәретпен парақтау мұстахаб. Бұл парақтарды оқу үшін қаламмен парақтауға да болады. Мәликилердің накты көзқарасы бойынша, етеккір не нифас жағдайындағы әйел Құран Кәрімді жатка оқи алады. Ханафилерде бұл жағдайда жатқа дұға ниетімен тек дұға аяттарын ғана оқуға болады.

5. Мешітке кіру, ол жерде қалу немесе итикәфта отыру. Хадисте: «Етеккірі келген әйел және жүніп болған ер мен әйел мешітке кіре алмайды»делінген. Шафиғи және ханбалилер етеккірі келген әйелдің және жүніп болған ер мен әйелдің мешіттің бір шетінен екінші шетіне өтуіне болады дейді. Бұған дәлел ретінде Пайғамбарымыздың (с.а.у) Айшаға (р.а.) осылай рұқсат бергендігі келтірілген.

6. Төсек қатынасында болу немесе кіндік пен тізе арасын пайдалану. Бұған тыйым салынады. Дәлелі — Құран Кәрім аяты мен хадис шәрифтер. Алла Тағала Құран Кәрімде:

«Етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспандар», — деп бұйырған. Аулақ болудың мәні — олармен төсек қатынасына бармау. Етеккірі келген әйелмен қалай қатынас жасау керектігін сұраған сахабаға Алланың елшісі (с.а.у): «Сен үшін кіндіктен жоғары жағы рұқсат», - деп жауап берген.

Ханбалилерде кіндік пен тізе ұршығы арасын төсек қатынасынан басқа мақсатта пайдалануға болады. Бұған: «Етеккірі келген әйеліңе жыныстық қатынастан басқа әр нәрсені істей аласың», - деген хадис дәлелге алынады.

Ханафи, шафиғи және мәликилерде етеккір немесе нифас жағдайындағы жұбайымен төсек қатынасында болған еркекке кәффәрат қажет емес. Харам іс істегені үшін тәубе және истиғфар етуі жеткілікті.

7. Ажырасу. Етеккірі келген кезде әйелмен ажырасу дұрыс емес. Алайда соған қарамастан ажырасуға болады және бұл бидъи талақ (шектен шыққан талақ түрі) деп аталады. Алла Тағала Құран Кәрімде:

«Қашан әйелдеріңді талақ қылсаңдар, сонда оларды белгілі мерзімінде ажыратыңдар», — деп бұйырған. Яғни, бұл иддет етуге болатын мерзім ішінде ажырасыңыз деген мағынаны білдіреді. Өйткені етеккірдің қалған күндері иддетке жатпайды. Пайғамбарымыз (с.а.у) Абдулла ибн Омарға жұбайымен оның таза күндерінде не жүкті кезінде ажыраса алатындығын айтқан.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , , , , , , ,

Пікір жазу