Үлкен күнәлар кітабы – Қиянат, және уәдені орындамау. Жанжалдасу, таласу, бұзықшылық қылу. Зәрден тазармау (сақтанбау).

11. Қиянат, және уәдені орындамау.

Аят: «Сертті орындаңдар, сөз жоқ уәде қиямет күні сұралады(Исра 34)   Пайғамбарымыз а.с: «Кімде үш нәрсе болса ол шын мұнафық егер олардан бірін болса оны тастамағанша, ол адамда мұнафиқтық-тың белгісі болады. Сөйлесе өтірік сөйлейді, уәдесінде тұрмайды, егер тартысатын болса (бір мәселеде) шектен асады, оған шыдамай сөгіп жібереді.»(Бухари,Муслим).                                                                                       Бұл күнәның ең үлкені адам баласының Аллаһпен уәделескені. Яғни ислам шариғатына амал қыламын деген уәдесі, ол уәдені бұзса, ол опасыздық қылады. Заххақ айтады: «Аллаһ бұл үмбетте харам-халал қылынған, намаз және басқа парыз етілген нәрселерге, және басқа нәрселерге берілген уәдесінде тұруы (үшін) уәделескен».

12. Жанжалдасу, таласу, бұзықшылық қылу.

Аят: «Қашан беті бұрылса (яғни сенің қасыңнан кетсе) жер бетінде сотқарлық (бұзақылық) қылуға, егінді нәрселерді жоқ қылуға тырысады. Аллаһ жауыздық бұзғыншылықты жақсы көрмейді». (Бақара 205) Аят: «Аллаһтың аяттары туралы тек кәпірлер ғана таласып тартысады». (Ғафыр 4) Егер тартыс хақты анықтау оны ашып беру мақсатында болса ол жақсы, егер хаққа қарсы келу немесе білмей тартысатын болса ол қараланған.  Пайғамбарымыз а.с: «Кімде-кім өзі біліп тұрып жалған нәрседе жанжалдасса оны тоқтатқанға дейін Аллаһтың ашуында болады». (Абу Дауд) «Құран туралы (оны білмей) таласып-тартысу ол күпірлік». (АбуДауд, ибн Хиббан)

13. Зәрден тазармау (сақтанбау)

Аят: «Киіміңді тазала» (Муддассир 4)  Пайғамбарымыз а.с. хадисінде: «Ибн Аббас айтады: Пайғамбарымыз а.с. екі қабір қасынан өтіп бара жатып: бұл екеуің азапталуда, бірақ үлкен күнә себепті емес деп кейінен, ия үлкен күнә себепті, олардың біріншісі зәрінен тазармай-тын еді. (яғни зәр шығарғанда таза жерлеріне тиюіне көңіл бөлмеген еді.) Екіншісі өсекші (яғни сөз таситын) еді». (Бухари, Муслим).  Сондықтан зәр шығарған кезде зәр шыққан жерді су, кесек немесе арнайы қағазбен тазалау керек, және үстіне, киіміне шашыратпауы керек.

foto: arzu.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , , , , , ,

Пікір жазу