Спорт ретінде йогамен шұғылдану шариғатқа қайшы ма?

Йога – көне үнділердің мәдениетінен бастау алып, будда діні құлшылығының бірі ретінде қалыптасқан. Мұндағы мақсат – йоганың арнайы әрекеттері тән мен жанның үйлесіміне жету арқылы Құдайларына жақындау, сол арқылы олардың қызметіне махаббатпен риясыз құлай берілуді қалайды. Демек, йога әуелі көне үнділердің мәдениетінен негіз алып адамның ойлап тапқан жалған дінімен астасып жатыр. Тіпті, ол екеуі бірімен-бірі тығыз байланысты. Йоганың сырт келбеті спортқа ұқсағанымен, оның астарында будда діні жатыр. Кейінгі кездері елімізде йоганы спорт ретінде танытып келе жатқаны жасырын емес. Халыққа спорттық жаттығуларды үйретеміз, шынықтырамыз, артық салмақтан арылтамыз дегенді бет перде етіп, өздерінің діндеріне кіргізуді мақсат етеді. Мұның соңы ата-бабамыздың ұстанып келе жатқан дәстүрлі Ислам дінімізден  шығаруға соқтыруы мүмкін.

Сондықтан да үнді діндерінің негізі болып танылған йогамен спорттық жаттығу мақсатымен, олардың дініне ұқсау ниетінсіз шұғылданар болса да, пұтқа табынатын діндердің рәсімін істегендіктен, соларға ұқсағандық болып саналады. Себебі ибн Омардан жеткен хадисте пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын):

 عَنْ ابْنِ عُمَرَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ تَشَبَّهَ بِقَوْمٍ فَهُوَ مِنْهُمْ

«Кімде-кім қандай да бір қауымға, елге ұқсайтын болса, онда ол солардан болғаны»[1],-деген. Ибн Омар (р.а.) бір сөзінде кәпірлерге ұқсаған адамдар қиямет күні махшар алаңында мұсылмандармен емес, ұқсаған адамдарымен бірге болатынын айтқан. Ендеше, мұсылмандардан басқа бір дін өкілдеріне, кәпірлерге ұқсап жүруі, солар секілді іс-әрекеттерін өзгертуі, тіпті олардың дәстүрлерін істеу – бұларға еліктеп, ұқсағанмен пара-пар. Ислам шариғатына қайшы, басқа діндердің жекелеген рәсімдерін орындау, тіпті олардың құлшылықтарына ұқсау ниетінен алыс болса да, оларға ұқсағандық болып табылады. Себебі оның арты басқа діннің діни жоралғыларына бірте-бірте бейімделіп, соған өтіп кету ықтималдылығы мол. Фиқһ негіздері іліміндегі дәлел алу қайнар көздерінің бірі – «жамандықтардың алдын алу» негізіне сүйене отырып, мұның арты үлкен өкінішке соқтыруы мүмкін. Сондықтан Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Өзіңді күмәндандырған нәрсені тастап, шүбәсіз нәрсені ұстан»[2],-деген хадисіне орай, йоганың іс-қимылдарымен спорт ретінде жаттығып, шұғылдану арқылы будда дінін жүрегі қабылдауы ықтимал.

Екіншіден, йоганы кей адамдар денсаулығын жақсарту, салауатты өмір сүру, артық салмақ тастау, бел омыртқаның тіктелуі, тән мен жанның үйлесіміне жету мақсатында жасайтындар жоқ емес. Мұндай кісілерге айтарымыз, Алла тағала жер бетіне басшы етіп саналы адам баласын жібергеннен кейін, оған екі дүниесінде пайдасын тигізетін шариғат амалдарын бекіткен. Мәселен, күнделікті бес мезгіл оқылатын намаздың денсаулыққа берер пайдасы өте көп. Сондай-ақ жылына бір рет келетін рамазан оразасының да денсаулыққа тигізер емі орасан зор. Тіпті оған бүгінгі медицинаның өзі көз жеткізуде.

Себебі жасалған құлшылықтар (намаз, ораза т.б.) адам жанын рахатқа бөліп, рухани кемелдендіреді әрі денені шынықтырады. Сондай-ақ, өз дініміздің әмір еткен құлшылығын орындаған болып саналады. Тіпті (намаз, ораза секілді) бұл құлшылықтардың рухани әрі материалдық пайдасын ғылым да дәлелдеген. Алла тағала Құран Кәрімде «Жүректер Алланы еске алумен ғана жай табады»[3],- деген.

Олай болса йогамен денсаулығымды түзетемін, салауатты өмір салтын ұстанамын, жаным жай табады деушілер, шипаны Исламның құндылықтарынан іздегені абзал. Ал оның екі дүниеде де игілігін көреді.

Қорыта келе, кез келген мұсылман Исламнан өзге діннің рәсімдерін, олардың ислам шариғатына қайшы амалдарын, жүріс-тұрыстарын, соларға ұқсап киім-кию секілді амалдардың бәрі де оларға ұқсауды, олардың істеп жүрген іс-әрекеттерін құптауды меңзейді. Тіпті, шариғатта орындалуы міндеттелген намаздың өзі күн шығып келе жатқанда не батып бара жатқанда оқылуына тыйым салынған. Себебі осы сәтте күнге табынушылар құлшылық амалын жасайды. Бұған тыйым салудағы мақсат – олардың жасаған амалдарына ұқсамау. Сондықтан да Ислам діні мұсылман адамға Алланың қош көрмеген діндеріндегі қандай да бір әрекетті мақұлдап, оны істеуіне қатаң тыйым салады.

 Қанат Нұрмаханұлы

ҚМДБ-ның Діни сараптама және ғылыми

талдау бөлімінің меңгерушісі


[1] Әбу Дәуіт, 3-том, 194-бет 4033-хадис.  «Дәр әл-китаб әл-араби»  Бейрут. Басқа бір хадис нұсқасында: «Кімде-кім бізден (мұсылман қауымынан) басқа бір елге ұқсаса, онда ол бізден емес»,-деген.

[2] Мүстадрак ала сахихайн, әл-Хаким, 2-том, 15-бет.

[3] «Рағыд» сүресі, 28-аят.

Ақпарат көзі: http://www.muftiyat.kz/index.php?newsid=5781

Сурет: ayqap.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Бәрі жақсы шын мәнінде Аллаһ разы болсын! Осындай сайт ашып оны үнемі қадағалап,қарап,сұрақтарға жауап беріп отыру әрине көп еңбек іздніс талап етеді. әрдайым сайттарыңыз дами берсін Аллаһ жәрдем берсін! әмин

Пікір жазу