Қазығұрт ауданы: Жылдағы дәстүрге сай биыл да Наурыз мерекесі Қазығұрттан бастау алды

Жылдағы дәстүрге сай биыл да Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі Қазығұрттан бастау алды. Ия, аудан халқы екі күн бұрын жауған аппақ қарға қарамай-ақ, керісінше ол қарды жақсылыққа балап, Аллаһ тағаладан жақсылығын тілеп, «Наурызда нан жауды» деген жақсы үмітпен Наурыз тойын тойлауға кірісті. Аудан орталығындағы «Даңқты батыр бабаларға» арналған саябаққа ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, орталық алаң ерекше безендірілді. Аудан әкімдігі түзген мерекелік бағдарламаға сай әрбір тігілген киіз үйлерде ауыл әкімдіктерімен бөлім,мекемелер мерекелік ас мәзірін әзірлеп, қонақтар мен өз қызмтекерлеріне наурыз көжеден дәм татқызса, «Мерей» дәмханасында әлеуметтік жағынан аз қамтылған мыңнан астам адамға қайрымдылық ас берілді. Аудан  имамы Полатов Еркін қажы Тұрғынұлы Құран оқып дұға жасап,  жиналған көпшілікке Наурыз мерекесі құтты болсын деп тілек білдірді.

Аудан халқын аудан әкімі Т.Әлиев, аудандық мәслихаттың хатшысы М.Момынов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Махсутовтар Ұлыстың ұлы күні мерекелерімен құттықтады. Аудан жұршылығы Наурыз-думанды тамашалап қана қоймай,қоғамдық сауда нүктелері мен ауылшаруашылығы өнімдерінен ұйымдастырылған жәрменкеден сауда-саттық жасап, ұлттық киім киіп,алтыбақан айналасында ән айтып,би билеп наурыз тойын көтеріңкі көңіл күймен тойлады,.

Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар» мешіті

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу