Төлеби ауданы: ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ

Қаймағы бұзылмаған дініміздің ахлақи құндылықтары өз келбетін жоғалтқан емес. Бұл әрбір мұсылманның жүрегінің түбінен орын алған. Солардың бірі ретінде жасы кішіге мейірім, жасы үлкенге құрмет көрсетуді айтуымызға болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде былай дейді:
«Кішіге іззет, үлкенге құрмет көрсетпеген бізден емес». (Тирмизи, Бирр, 15)
Сүйіспеншілік пен сыйластық қоғамның мызғымас екі негізі болып табылады. Сыйластық пен құрмет делінгенде ең алдымен жасы кішінің жасы үлкенді құрметтеу керектігі ойға оралады. Дегенмен хадистің екінші жағының астын сызуға тура келеді. Яғни, үлкенді сыйлап, оларға құрмет көрсетпенген адам, нағыз Мұсылман бола алмайды. Үлкендерді сыйлап, құрмет көрсетуге шақыратын тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Аллаһ Тағала жасын сыйлап қарияға құрмет көрсеткен жастарға, қартайғанда оған қызмет көрсететін адамдар жібереді». (Тирмизи, Бирр, 75).
Міне, дініміздің осындай ізгі амалын орындау мақсатымен Төлеби ауданының бас имамы Берік Қалдаров ауданның өркендеп, гүлденуіне үлес қосып, ерен еңбегімен халықтың ықыласына бөленген қариялардың еңбегін елеп, олардың хал-жағдайын сұрап, отбасыларын арнайы зиярат жасады. Солардың ішінде Тұрғынбеков Елтай, Сейтов Жамбыл, Ташов Зиятбек, Оңғаров Құдайберген, Жолымбеков Кенжетай, Шыңғысбаев Әтірхан, Кенбаев Әсет, Төлепбергенов Аллаберген секілді ауданның құрметті азаматтарын көктем меркесімен құттықтап, ҚМДБ ның бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіретінің жарыққа шыққан кітаптарын тарту етіп, алғыстарын алды.
Мұсылман өзінен жасы үлкенге құрмет көрсетіп, оларға қолдан келгенше қолғабыс жасауы қажет. Бұл қоғамның бір-біріне деген сүйіспешігілі мен құрметін нығайта түседі. Осылайша ұрпақтың бақытты ғұмыр кешуіне жол ашылады.

Төлеби ауданды, орталық «Нұр» мешіті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу