Ташимов М.: «АХИ» деп айту құрмет тұту ма, әлде бөліп құрту ма?!

Бүгінгі таңда «салафия» атын жамылып жүрген мұсылмандар бір-бірін «ақи» (ахи) деп атап жүр. Орыс тілділері «брат» дейді. Ахи деген арабша «бауырым» дегенді білдіреді. «Ахун» немесе «Ах» сөзі бауыр, «ахун шақиқ» болса туған бауыры. «Ах» сөзіне «и» әрпі қосылса «Ахи» менің бауырым деген сөз шығады. Қалам ұшын арнаған бүгінгі жазбамыз осы сөзге қатысты болмақ.

Ал енді, Ұлы Раббымыз Аллаһ пен ардақты Елшіміздің Исламдағы бауырмашылық төңірегіндегі айтқан хабарларына назар аударсақ:

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Аллаһ Тағала: «Расында, иман келтіргендер – бауырлар», – деп айтты (Хужурат сүресі, 10-аят).

Тағы да Аллаһ былай деді: «Сендер Аллаһтың мейірімімен бауыр болдыңдар» (Әли `Имран сүресі, 103-аят).

Әнәстан жеткен хадисте Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) былай дегені хабарланады: «Өзіне қалайтын нәрсені бауырына да қаламайынша, сендерден ешкімнің иманы толық болмайды» (Бухари, Муслим).

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте  Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) былай айтқаны хабарланады: «Алты нәрсе мұсылмандардың бір-біріне деген міндеті болып саналады: егер мұсылманды кездестірсең, оған сәлем бер; егер ол сені қонаққа шақырса, оның шақыруына жауап бер; егер ол сенен кеңес сұраса, оған кеңес бер; егер ол түшкіріп, Аллаһқа мақтау айтса (яғни, “Әл-хамду лиЛляһ”, – десе), ол үшін жақсылық тіле; егер ол ауырып қалса, оның көңілін сұрап бар; ал егер ол қайтыс болса, онда оны (соңғы сапарына) шығарып сал» (әл-Бухари “әл-Әдәбул-Муфрад” 925).

Әбу Һурайра былай деген: “Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) былай деді: «Мұсылман адамға өзінің (Исламдағы) бауырымен үш күннен артық қарым-қатынасты үзуіне рұқсат етілмейді! Кімде-кім өз бауырымен үш күннен артық қарым-қатынасты үзіп қайтыс болса – Тозаққа кіреді!»” (Әбу Дәуд 4914, Ахмад 2/392. Сенімді хадис).

Ән-Ну’мән ибн Бәширден жеткен хадисте  Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) былай дейді: «Мұсылмандар біртұтас адамның денесі тәрізді. Егер оның көзін ауру шалса, онда бүкіл денесі ауырады. Егер оның басын ауру шалса, онда бүкіл денесі аурады» (Муслим 2586).

‘Уқбадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) былай дейді: «Мұсылман – мұсылманға бауыр! Мұсылман адам өз бауырына кемшілігі бар затты сатуына рұқсат етілмейді, тек егер сол кемшілікті көрсетпейінше» (Ибн Мәжәһ 2/755. Сенімді хадис).

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) былай деді: «Аллаһтың сондай құлдары бар, олар пайғамбарлар емес, шаһидтер емес, алайда шаһидтер мен пайғамбарлар ол кісілерге Аллаһ Тағаланың сыйлаған орындары үшін оларға қызғанады». Сахабалар сұрайды: “Әй, Аллаһтың елшісі! Олар кімдер, әрі істері қандай?”. Ол былай жауап береді: «Олар бір-бірін Аллаһ үшін жақсы көргендер, бірақ араларында байланыстырып тұратын туыстық қатынас да жоқ, ақша да жоқ. Аллаһпен ант етемін, расында, олардың жүздерінде нұр болады. Әрі олар биік және жарық сатыларды орналасады. Олар жұрт қорыққанда, қорықпайды, сондай-ақ жұрт қайғырғанда, қайғырмайды» (Әбу Дәуд 3527).

Қазіргі таңда кейбір мұсылмандардың  өздерінің арасында әр түрлі талас-тартыстар және келіспеушіліктердің болып жатқанына куәміз. Көп жағдайда сол білімсіздіктің себебінен болған фиқһтағы келіспеушіліктер – мұсылмандардың жүректеріне із салып, мұсылман мұсылманды қас жауындай көріп, сәлемдерін қабыл алмайтындай дәрежеге кетіп жатады.

Бірақ жоғарыдағы хадистерге қарасақ – мұсылман мұсылманның бауыры екендігін және ол бауырмашылық сезімі ұлы әрі мақтаулы сезім екендігін аңғарамыз.

Мұсылман мұсылманға бауыр, олар қай ұлттан болса да, қай нәсілден, қандай тұлғалы, киімі және бет әлпеті қандай болса да және қандай жолмен жүрген болса да.

Және бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген: «Расында Аллаһ сендердің түрлеріңе және дене пішіндеріңе қарамайды. Аллаһ сендердің жүректеріңе және амалдарыңа қарайды» (Муслим).

Құрметті мұсылмандар! Бүгінгі таңда «сәләфия» атын жамылған кейбір мұсылмандар өздерінің арасында бір біріне «ахи» деп сөз бастауды қалыпты жағдайға айналдырды. Әрине бұл әдеттің айыбы жоқ егер барлық мұсылманға бірдей бауырмал болса….

Бір қызығы олар бұл сөзді (яғни «ахи») айтуды Құрандағы «ахи» сөзіне қарап айтады ма екен?! Егер Құрандағы «Мұсылман мұсылманға бауыр» деген аяттағы «ахи» яғни «бауыр» сөзін негізге алып айтатын болса – олар барлық мұсылмандарға айтуы тиіс еді. Алайда, тек өздері сияқты киінген, бет әлпетін өздеріндей етіп жүргендер мен өздерінің ұстаздарын ұстазым деп мойындағандарды ғана «ахи» деп айтып өзгелерді бұлай айтпауының астында не жатыр?! Бұл мұслмандарды бөлу, алалау емес пе?! Аят бойынша : барлық мұсылманды бауырым деу керек. Ал кейбіреуін ахи деп өзгелеріне бұл сөзді пайдаланбау өзгелері мұсылман емес деген мағынаны сілтеп тұрғаны айдан анық. Ендеше бұл көркем түрде мұсылмандарды мұсылман және кәпірге бөлудің жолы.

Құрметті бауырлар! Аллаһ бізді мына әлемге адамдарды мұсылман және кәпірлерге бөліп, жіктеу үшін жаратқан жоқ. Мұсылманның мақсаты құлшылық және Раббысының разылығы ғана. Ендеше барлық мұсылмандарды бауыр санап, оларға жылы шыраймен жұмсақ болып, адамдарды  алалап, бөлуден сақтанайық ағайын!

Шымкент қалалық «Халифа Омар» мешітінің молдасы

Ташимов Мадибек

Сурет: vesti.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    assalamu alaikum musilmandar! ote duris jazilgan eken. osi takiripti jane otirik salaftardin osindai teris areketterin jalpyga pash etip kauipten eskertu kerek dep oilaimin. kimge osi makala unagan bolsa pikirlerinizdi kaldirinizdar bauirlar


    • Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

      Мақала жақсы жазылған…

Пікір жазу