Дулатбаев Жорабай: Өнегелі сұхбат

Бір кісі Ибрахим ибн Адхамның алдына келіп: «Ей Абу Исхақ. Мен жасаған көп күнәларым себепті, өз жаныма зұлымдық жасаған адаммын. Маған сондай бір өсиет (насихат) жасасаңыз, онымен жүрек қалауым күнә атаулыдан тиылып, жүрегіме иман нұры ұяласын»- деді.

Ибрахим ибн Адхам: Мен саған 5 өсиет айтамын егер соны орындасаң күнәлар саған жоламай жақсылыққа жол ашылады.
— Әлгі кісі «Айтыңыз» деді.
Ибрахим ибн Адхам және ол кісі екуі ортасында төмендегідей әңгіме (сұхбат) болып өтті.
Біріншісін айтыңыз.
— Аллаһ тағалаға күнә болатын амал жасайтын болсаң Оның нығметтерінен жемегін.
— Онда қай жерден жеймін. Жердегі барлық нәрсе Алланың нығметі ғой.
— Алаһ берген нығметті жеп және оған күнә жасайсыңба?
Екіншісін айтыңыз
— Егер Аллаһ тағалаға күнә болатын амал жасайтын болсаң, Оның қалаларында өмір сүрмегін.
— Бұл біріншісінен де ауыр екен. Шығыс пен батыс арасындағы қалалардың барлығы Аллаһқа тән болса, мен қай жерде жасаймын.
— Аллаһ тағала ризық етіп берген нығметін теріп жесең, Оның қалаларында жасасаң және Оған күнә жасайсыңба?
Үшіншісін айтыңыз.
— Аллаһ тағала ризық етіп берген нығметтерін жеп, Оның қалаларында жасап тұрып күнә болатын іс істемекші болсаң, Аллаһ тағала көрмейтін жерді тауып, дәл сол жерде күнә жұмысыңды жасай бер.
— Ей Ибрахим. Аллаһ тағаладан жасырынып боладыма? Ол барлық нәрсені, тіпті жүректегі нәрселерді (ниеттерді) — де тұрушы ғой.
— Аллаһ тағала ризық етіп бергеннығметтерді жеп, Оның қалаларында жасап және сені көріп, не сөйлеп жатқаныңды есітіп тұрғанын білсең де күнә жасайсың ба?
Төртіншісін айтыңыз.
— Өлім періштесі жаныңды алғаны келгенде, оған: «Мен Аллаһ тағалаға тәубе жасап алғанша жанымды алмай тұр»-деп айтқын.
— Қабыл етпейді.
— Ей пенде. Тәубе ету үшін өлімді өзіңнен кешіктіре алмайтын болсаң, жан тапсыратын уақыт кешіктірілмейтінін білсең. Онда неден үміт етесің.
Бесіншісін айтыңыз.
— Қиямет күні тозақ сақшылары сені тозаққа алып кету үшін келсе, олармен бірге бармағын.
— Бармаймын дегеніме қарайдыма? Бәрібір алып кетеді.
— Сондай екен онда қандай хидаятты (құтылуды) үміт етесің
— Ей Ибрахим болды жетерлі. Мен Аллаһ тағалаға күнәларыма кешірімайтып, тәубе етемін.
Осы сұхбаттан кейін ол адам күнәлардан қайтып, өліміне дейін жақсы, сауапты амалдар жасап өткен екен.
Әлгі кісі сияқты біздерде жоғарыдағы өткен әңгімеден ғибрат алып тура жолда жүріп күнә атаулыдан тиылайық жамағат.

Сарыағаш ауданы Келес өңірі
«Ешан баба» мешіті бас имамы: Дулатбаев Жорабай

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу