Дулатбаев Ж.: Ғайбат (біреудің артынан сөйлеу) жасаудан сақтану

Алла (т)  адамды жер жүзінде халифа етіп жаратып, оған қажет болған барлық нығмет-терді (жақсылықты) — өмірді,отбасыны, дене мүшелерін, мал-дүниені басқа да өмір сүруі үшін жағдай жасап  берді, және оған қиянат жасау, орынсыз жерлерге істетуді ауыр күнә екендігін құранда ескертті.

Сондай ұлы нығметтердің бірі-тіл. Онымен  жаратушыға мақтаулар, шүкіршілік айту, құран оқу, адамдарды тура жолға, жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару  сынды  Алла тағала разы болатын орындарға істету үшін берілген екендігін барша адамзат біледі. Бірақ адамзат әлсіздігімен немесе ашу үстінде, біліп білместен  басқаларға зиян жеткізіп, ғибаттап (біреудің артынан сөз айтып), жала жабу сияқты күнә жұмыстарды жасап қойғандығын білмей қалады.

Тілді қандай орындарға істеткен болсада қияметте адам баласынан есеп сұралады. Бұл тұралы Алла (т) қасиетті Құран кәрімнің «Қаф сүресі» 17-18 аяттарында былай дейді:

 «Оның оңынан да солынан да екі байқаушы отырады. Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын»

Тілмен жасалатын үлкен күнәлардің бірі- ғибат. Адамдардың қадірі мен абройын сақтау үшін ислам діні ғибатты харам етті. өйткені ғибат адамдардың жасырын айыптарын ашу және олардың абройын төгу дегені. Пайғамбарымыз Мухаммед(с.ғ.у) соңғы өсиеті  болған қоштасу қажылығындағы айтқан құтпаларында да мұны ерекше тілге алып былай деген;

«Әлбетте сіздердің қандарыңыз, малдарыңыз және абройларыңыз бір — бірлеріңізге харам. Осы айда, осы қалада бұл арафа күнінің құрметін сақтағандарыңыздай олардың да құрметтерін сақтаңыздар». (муттафақун алайх)

Демек біреудің малын зұлымдықпен жеу қандай күнә болса оның абройын төгу де сондай күнә істерден.

Абу Хурайра (р.а)-ден  риуаят етілген ғибаттың түсінігі жайлы айтылған хадисте  Расулуллох (с.ғ.у) «Ғибат не екенін білесіздер ма?» деп сұрады. «Алла және оның расулі білуші» деп жауап берді сахабалар. Расулуллох (с.ғ.у)  «Бір бауырыңның арқасынан өзі есітсе жаман көріп, қапа болатын сипатын айтуың» деді. Сонда сахабалардың бірі «Егер мен айтқан сипат бар болса да ғибат болады ма?»  деп сұрады. Расулуллох (с.ғ.у)  «Бауырыңда бар сипатты айтқан болсаң ғибат қылған боласың. Егер сен айтқан сипат бауырыңда болмаса, оған жала жауған боласың.» деп жауап берді.( муслимнен жеткен)

Демек біреудің айыбын ашатын сөзді тұра болса да айту дұрыс емес екен. Өйткені ғибат болады екен. Егер айтылған сөз өтірік болса оған жала жабу болғаны үшін күнәсі де екі есе ауыр болады.

Аллах (т) ғибаттың қаншалықты ауыр күнә екендігін Құран кәрімнің Хұжурат сүресі 12 аятында былай дейді;

«Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейрімді».

Құран кәрімде еш бір күнә мұндай жаман сипатпен сипатталып зікір етілмеген. Барша-мызға мәлім адам баласы еш қашан өліп қалған хайуанның етін жемейді. Егер ол адамның еті болса одан жиіркенеді. Ал енді ол өзінің өлген туысқан бауырының еті болса адамгер-шілікке тура келмейтін және ақылға симайтын іс. Ғибат жасау осындай ең төмен дәреже-дегі іске теңелген. Мұны естіген әрбір өзін ақылдымын және мұсылманмын деген адам-ның жүрегіні қорқыныш сезімі ұялары анық.

Бұндай ауыр күнәнің қияметтегі жазасы да, күмәнсіз ауыр болады. Бұған Анас ибн Малик (р.а)-ден риуаят етілген хадис дәлел болады.

«Расулуллах (с.ғ.у) Меъражға көтерілген түні бір қауымның алдынан өтті. Олардың тырнақтары қорғасыннан болып өздерінің жүздеріні және көкіректеріні тырнап жатқан еді. Мұны  көрген Расулуллах с ғ у «Бұлар кімдер ей Жәбрейіл (а.с) » деп сұрады. Жәбрейіл (а.с) «Бұлар адамдардың етіні жейтіндер және олардың абырой-ларын төгетіндер » деп жауап берді ». (Абу Дауд риуаяты).

Ғибат айтып жатқан адам қаншалықты күнәхар болса оған құлақ салып тұрған адам оның күнәларына серік болады. Бұл тұралы хадистерде екеуінің күнәсі тең екендігі туралы айтылған. Сондықтан әрбір мұсылман адам басқа мұсылман бауырының абройын сақтауға және ғибаттың алдын алуға әрекет етуі керек.  Оның қасиеті жайлы хадистерде айтылған. Имам Термизи жеткізген хадисте Абу Дарда (р.а)  риуаят еткен хадисте Расулуллах с. ғ. у. айтады :

«Кім бір бауырының абройын сақтаса, қиямет күнінде аллаһ т оның жүзін тозақтан алыстатады». Демек ғибат қылушыларды тоқтатып мұсылман бауырын қорғаса оның сыйы жаннат, керісінше оған қосылып ғибаттап оған серік болса ақыры азаб болады. Пайғамбар с ғ у «ғайбат айтушы мен оны тыңдаушы күнәда тең» деген хадисі бар. Риуаяттарда келеді Алла т Муса (а.с)-ға уахи қылды

«Кім ғайбаттан тәубе еткен халде дүниеден өткен болса, сол адам жаннатқа ең ақыры кіретін болады. Кім ғайбатты жалғастырып (тәубе етпестен) дүниеден өткен болса, сол адам тозаққа ең бірінші кіруші болады».

Хазреті Омар (р.а) алла одан разы болсын)  «Алланы еске алыңдар өйткені ол сауап. Бірақ адамды еске алып сөйлеуден сақтаныңдар, өйткені ол күнә» деген.

Сөз соңында айтарымыз әрбір адам өзі жасаған күнә істерімен сауаптары бойынша Алланың алдында жауапты. Әрбір отағасы отбасы үшін жауапты екендігін естен шығармайық. Сонымен қатар қазақи әдеп-ғұрыптарымызды сақтап үлкенге құрмет кішіге ізетпен қарап оларды хақ дініміз ислам әдебімен тәрбиелесек ертеңгі күні жаратушы Алланың алдында жүзіміз жарық болары анық. Алла баршамыздың тілек-дұғаларымызды қабыл алып, елбасымызға ел басқаруда сабырлылық, елімізге тыныштық, отбасызға аман-дық берсін деп тілейміз.

Сарыағаш ауданы Келес өңірі «Ешан баба» мешіті бас имамы:

Дулатбаев Жорабай 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    мащаАллах! гайбат айтудан сактанудын каншалыкты манызды екені жаксы айтылган. оган енді тек амал ету керек!


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    TAMASHA JAZYLGAN ALLA RAZY BOLSYN


  3. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Өте жақсы айтылған. Аллаһ баршамызға амал етуді нәсіб етсін

Пікір жазу