Төрт мәзһаб

ШЕЙХ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІ,
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ

Мәзһаб – жол, мектеп, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді. Шариғат тұрғысынан алғанда, арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығын мәзһаб дейміз. Мұсылмандар өміріндегі намаз, ораза, зекет, қажылық сынды діни іс-амалдардың барлығы мәзһаб ғұламалары анықтаған үкімдерге сай атқарылады. Исламның алғашқы дәуірінде мұсылмандар арасында діни қайшылықтар бола қоймады. Өйткені, хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз қасиетті Құран және өзінің даналығымен мәселенің шешімін айтып, дер кезінде алауыздықтың алдын ала білді. Уақыт өте мұсылмандардың саны көбейе түсті, жаңа мәселелер туындай бастады. Өйткені өмір мен тіршілік үнемі өзгеріп, өркендеп, жаңарып, дамып отырды. Бұндай жағдайда, сахабалар өз білімдеріне сүйеніп, шариғат шеңберінде ондай өзекті мәселелерді шешіп отырды. Мысалы, Әбу Бәкір (р.а.) халифалық кезінде бір мәселеге байланысты шешім шығарар алдында Құран аяттарына сүйенген, ал мәселенің жауабын аяттардан таба алмай қалған жағдайда, хадистерден іздеген. Ол жерден де таба алмаса, білімді де, беделді сахабалардың басын қосып, олармен сол мәселелер туралы кеңесіп, ойларын тыңдап, содан кейін ғана шешім шығаратын.

Кейінірек Ислам діні өзге халықтар, ұлыстар арасына тарады. Олар араб тілін де, дінін де білмейтін. Діни үгіт-насихат пен тағылым істерін оларға жеткізу сахабалар үшін оңай емес-тін. Бұл ретте сахабалар Ислам дінін бүге-шігесіне дейін үйренемін дегендерге ұстаздық етті. Сол ұстаздар қатарына хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың ұлық төрт халифасы, сондай-ақ Абдулла ибн Масъуд (590-653), Абдулла ибн Омар (612-692), Абдулла ибн Аббас (619-687), Абдулла ибн Әмр ибн Ас (615-684), Зәйд ибн Сәбит (615-665) және хазіреті Айша (613-678) (р.а.) анамызды жатқызуға болады. Олар өз заманының дара әрі дана адамдары еді. Абдулла ибн Аббастың (р.а.) үйі «білім ордасы» атанған.

Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз оларға: «Сахабаларым аспандағы жолшы жұлдыздар іспетті. Олардың қайбіріне ілессеңдер, хақ жолын табасыңдар», – деп жоғары бағасын берген.

Сахабалар кезінде түрлі діни көзқарастар пайда болды. Уақыт өте фиқһ (мұсылман заңы) саласы бойынша Құран аяттарын дұрыс талдау және хадистерді зерттеу арқылы шариғатты дамытып, жалған мектептерге (мәзһабтарға) қарсы күресуші, олардың қателіктерін паш етуші Әбу Ханифа (699-767), имам Мәлик (717-795), имам Шафиғи (767-820), Ахмед ибн Ханбал (780-855) секілді Ислам ғұламаларының мәзһабтары дүниеге келді. Бұлар Ислам әлемінде ресми мәзһаб саналып, 1300 жылдан бері өз ұстанымдары бойынша амалдарын жүргізуде.

Ол мәзһаб иелерінің әрқайсысы мужтаһид (білгір) ғалымдар еді. Солардың біріне мойынсұну арқылы, осы заманға дейінгі әртүрлі қайшылықтардың алды алынып келді. Сондықтан бұл төрт мәзһабтың бірін ұстану қазіргі заман талабы да. Өйткені, олар Құран Кәрім мен сүннет жолына лайық болғандықтан «әһлу сунна уәл-жамаға», яғни хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннет жолын ұстанып, көпшіліктен бөлінбей, бірлік-ынтымақты жақтаушы қауым мәзһабтары атанды.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Имам Насаидің «Алтын иснадын» келтірсе болғаны,анау мынау деген түсіндірмелердің қажеттілігі шамалы балып қалады.
    Ибн Масғуд-Ғалқама-ән Нахаи-Хаммад-Абу Ханифа.

Пікір жазу