Қазығұрт ауданы: Мешіттерге қамқорлық жасау игі істерден

Жыл басында Өкіл имам Бейбіт қажы Мырзагелдиев ауданға келген іс сапарында аудандық мәдениет сарайында аудандағы ауыл имамдарымен жиналыс өткізіп, өкіл имам әр мешіт имамдарымен жеке-жеке мешіт жағдайын сұрағантұғын. Әсіресе мешіттің ішкі жағдайына мән беріп: жылыту жүйесі қалай, мешіттің төбесінен су кетпейді ма деген сияқты мәселелерді сұрап және осы мәселерді шешу жолдарын ұйымдастыруды аудан имамы Е.Полатовқа бірінші кезекті атқару керектігін тапсырған болатын.Және кейбір шалғай ауылдардағы халқы аз немесе аудан және ауылдан демеушілер табылмаған жағдайда өз қамқорлығымызға алып, мешітті қалыпты жағдайға жеткізуді ұйымдастыру барлығымыздың міндетіміз екенін Облыс  өкіл имамы Б.Мырзагельдиев атап өтті.

  Қәзіргі уақытта аудан имамы ұйымдастыру барысында бір қатар мешіттер жылыту жүйесін іске қосып, мешіттің дуалы жарылған мешіттер күрделі жөндеу жұмыстарын атқаруда. Атап айтсақ: Шарбұлақ ауылы «Темір» мешітіне. Рабат ауылындағы «Естемес ата» , «Нұржан баба» мешіттеріне газ құбырлары тартылды. Жылыту жүйесі орнатылып, биылғы жылы қаңтар айынан іске қосылды. Жаңа-базар ауылы «Қазығұрт» мешітінің шатырын күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды.  «Нұржан-баба» мешітінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасалды 42000 тенге жұмсалды.34000 тенгеге дауыс көтергіш апараты алынды. «Нұржан-баба»,«Еңбекші» мешіттерінің ауласына дейін 200 метр су құбырлары тартылып, тұрақты мешітте су ағуда.«Молалы» мешітіндегі  «Діни сауат ашу» ғимаратының толық күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтап, мешіттің ескі есік және терезелерін заманауи пластик есік терезелер қойылды.«Естемес ата» мешітін және  жанындағы «Діни сауат ашу курс» ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Демеушілік арқылы атқарылуда Демеушілік етушілер 20 жыл алдын бітірген түлектер (1975 жылғы туылған азаматтар) . Алла разы болсын
Бұл іске сол елдің азаматтарының демеушілігімен атқарылды. Сол істің басқасында ұйымдастырып жатқан мешіт имамдарымен жамағаттары Ережепов Бөкенбай,Лесбеков Алтынбек, Қалшабеков Тастанбек, Мұсақұлов Орал ата, Асқаров Пазылбек, Зайдуллаев Хайруллаларда атсалысты.  Қәзіргі уақытта мешіт жылынып жамағат жылы мешітте құлшылықтарын жасауда. Жамағат саны да артып келеді.
Алдағы уақытта жылыту жүйсе қосылмаған және көмір отынымен жылытылып отырған мешіттерге газ құбырларын тартуға демеуші азаматтарды тартуды ұйымдастыру қолға алынған.
Сонымен қатар мешіт ақсақалдарымен ауыл тұрғындары мешіт имамдарына демеушілік еткен азаматтарға Алланың ризалығы болсын деп алғыстарын жаудыруда.

 Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар»мешіті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу