Шардара ауданы: Сауабы мол сенбілік

Ұлыстың ұлы күні наурыз айының 25 — ші жұлдызында шырайын шашқан көктемнің шырайлы күнінде «Шардара» орталық мешітінің  ауласында тазалық жұмыстары өткізілді. Аталмыш сенбілікке 85 жастағы қария  Бекшораев Шерехан қажы Өзденбаев Дәулет қажы, Төребаев Файзула сынды азаматтар  жастарға үлгі болып қолдарына күрек алып ағаш отырғызды. Халқымызда «Бір тал кессең он тал ек» деген ұлағатты сөз бар. Орталық мешіттің көгалдандыруға бөлінген ауласына қатар санын түзеп әр түрлі жеміс жидек ағаштары 30 дана өрік көшеті, 50 дана алма көшеті, 25 дана алхоры көшеті, 17 дана шие көшеті, 50 дана әр — түрлі роза гүлдері отырғызылды.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы   А. Данияров

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу