Күзембай Бекайдар: «Намаз діннің тірегі»

Аллаһтан  басқа  тәңірдің  жоқ  екені  және  Мұхаммед, Оның  құлы  әрі  елшісі  екендігіне  куәлік  етіп  иман  келтіру.  Исламдағы  бес  парыздың  біріншісі.  Бұдан  кейінгі  ең  маңыздысы  — намаз оқу.  Шынында  «мен  мұсылманмын»  деп  иман  келтірген  адамның  сырт  қарағандағы  көрінісі  -намаз. Намаз  жүректің — нұры, көңілдің  қуанышы,  рухтың күші.

Намаз  араб  тілінде  «әс — салат»  деп  айтылады. Бұл  сөздің  араб  тіліндегі  тілдік  мағынасы  «дұға  ету» немесе  «жақсы  дұға  жасау». Бұған  Аллаһ  Тағала: «Оларға  дұға  ет.  Өйткені  сенің олар  үшін  бір  тоқтау», — деген.  Құран  аяты  дәлел  бола  алады.  Ал,  бұл  сөздің  Ислам  шариғатындағы  мағынасы тәкбірмен  басталып,  сәлеммен  аяқталатын,  арнайы  әрекеттер  мен  сөздерден  тұратын  құлшылыққа  айтылады.

Бес  уақыт  намаз  оқу  мұсылмандарға  миғраж  түнінде  парыз  болған.  Жалпы  намаз  өтеудің  парыз  болуы  Құран  аятымен  пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннеті  және  ижмамен  бекітілген.  Құран  кітабының  көптеген  жерінде: «Намаз оқыңдар  және  зекет беріңдер…»  делінеді.  Осы  сияқты Құранда   келген  кейбір  аяттарды  келтірер  болсақ:  «Барлық  намаздарды  және  ортаңғы  намазды  сақтаңдар». «Расында  намаз мүминдерге  белгілі  уақыттарда  парыз болынды». «Олар ғибадатты  тек  Аллаһқа  шынайы    ынтамен  бір  беткей   түрде орындаулары  намаз  оқулары,  зекет  берулері  үшін  әмір  етілген.  Міне  осы  тұп — тура  «дін». «Намазды  толық  орындаңдар,  зекет  беріңдер  де  Аллаһқа  жүгініңдер.  Ол  сендердің  иелерің. Ол  қандай  жақсы  Ие,  әрі  қандай  жақсы  көмекші». Сондай-ақ  пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннетінен  көптеген  Намаз дәлел  келтіруге  болады.  Мысалы, пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерінің  кейбіреуінде: Ибн  омардан  риуаят  етілген  хадисте  пайғамбарымыз (с.а.с):  « Ислам  бес  нәрсеге  құрылған.  Олар:  Аллаһтан  басқа  ешбір  құдай  жоқ  және  Мұхаммед  Аллаһтың  елшісі  екендігіне  куәлік  ету,  намаз  оқу,  зекет  беру,  қажылыққа  бару  және  Рамазан  оразасын  ұстау», — деген.

                       

НАМАЗДЫҢ   ПАЙДАСЫ

Намаздың  діни,  жеке  тұлғалық,  тәрбиелік  және  тағы  басқа   көптеген  пайдасы  бар. Намаз-  Аллаһ  Тағала  пендесінің  арасындағы  байланыстың   негізі.  Бұл  байланыс  діннің  тірегі  және  негізгі  іргетасы   болып  табылады.

Бес  уақыт  намазды  өз  шартына  сай  уақытында  өтеп  үлкен  күнә  саналатын  іс — әрекеттерді  жасамаған  адамның  кіші  күнәларының  кешірілетіндігі  жайында  Құран  аяттары  мен  Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадис  шәріптерінде  айтылады.  Мысалы,  Құран  Кәрімде Аллаһ  Тағала: «(Ей, Мұхаммед) Саған  уахи  етілген  кітапты оқып,  намазды  орында. Расында намаз  арсыздық  пен  жамандықтан  тыяды.  Аллаһты  еске  алу әлбетте  ең  үлкен  құлшылық.  Аллаһ  не  істегендеріңді өте  жақсы  біледі», — дейді,  ал  пайғамбарымыз (с.а.с) сахабаларына: «Сендердің  біреулеріңнің  есігінің  алдында бір  өзен  ағып  жатса,  ол  сол  өзенге  күн  сайын  бес  рет  жуынса,  сол  кісінің  бойында  кір  дейтін  бірдеңе  қала  ма», — деп  сұрағанда,  сахабалар: «Жоқ  оның  бойында  кірден  ештеңе  қалмайды», — дейді.  Сонда  Аллаһтың  елшісі (с.а.с): «Бес  уақыт  намаз да  сол  сияқты.  Аллаһ Тағала онымен  күнәларды  өшіреді», — деген.

Намаздың  тағы да  сол  сияқты  пайдалары:

1. Намаз — Аллаһқа  жақындаудың  ең  абзал  жолы.

Намаз  Аллаһқа  сүйікті  және  оған  жақындататын  ең  игі  амал.  Аллаһ  Тағала  айтады: «Құлым  өзіне  парыз  етілгендердің  ең  сүйіктісімен  ғана  Маған  жақындайды»,  ал  пайғамбарымыз «с.а.с)  былай  дейді:  «Намаз  ең  жақсы  амал.  Оны  көп  орындауға  қайсының  шамасы  келсе  істесін».  Намаз  Аллаһқа  жақындатушы.  Сондай — ақ  пенденің  Раббысына  ең   жақын  болатын  кезі  — ол  сәжде  де  тұрғанда.

2. Намаз күнәдан  тыюшы.

Аллаһ Тағала  айтады: «Күдіксіз  намаз  арсыздықтан  жамандықтан  тыяды» Керісінше  әрбір  күнә  мен  арсыздық  адамды  намаздан  және  Аллаһ  Тағала  еске  алудан  тыяды.

3.Намаз — күнәларды  өшіруші.

Аллаһ Таъла  намазды  өзге  құлшылықтарға  қарағанда  күнәларды  көп  жоятын  қылды.  Аллаһ  Тағала  айтады: «Мұхаммед  күндіздің  екі  уағында  (таң  және  екінті) түннің  күндізге  таяу  кезінде  (ақшам,  жашиық)  намазын  толық  орында.  Шынында  жақсылықтар жамандықтарды  жояды.  Бұл  түсінушілер  үшін  бір  насихат»

4.Намаз — дерттен  айықтырады.

Қаншама  ауруларды  емдеуге  көптеген  медициналық  дәрілер  көмектеспей  жатады.  Ал намазға  тұрғанда  Аллаһ  оларға  шипа  беріп, аурулары  жазылып  кетті.  Әсіресе түнгі  намазға  тұрғанда.

5. Намаз —  дәрежелердің  көтерілуіне  себеп  болады.

Пайғамбарымыз (с.а.с) айтады: «Сен  Аллаһқа  бір  сәжде  қылсаң,  Аллаһ  сенің  бір  дәрежеңді  көтереді»,  сондай — ақ Раббиъа  пайғамбарымыздан   жәннәттә  бірге  болуды  сұрағанда  былай  деді: «көп  сәжде  қылуыңмен  маған көмектес».

6. Намаз —  Аллаһ  Тағаланың рахымына  бөлейді.

Намаздың  жемістерінің  бірі — пенде  намазға  тұрып, намаздан  кеткенше  Аллаһ  мейірімінің  оған  үзілмей  түсуі.  Сондай — ақ  оны  періштелер  қоршап  тұруы. Бұны имам Ахмад  Абу  Умамадан  келген  мына  хадиспен  қоштайды: «Шынында  пенде  намазда  тұрған  уақытында  оның  үстіне  жақсылық құйылады». Пенде  үшін  оқитын  екі  ракағатынан  абзалырақ  ешнәрсе  әмір  етілмеген.

7. Сәжде — тозақ  отынан  қалқан.

Намаздың жемістерінің  бірі  мүмін  адам  тозаққа  түссе  от  оның  сәжде  қылған  жеріне  (маңдайына)  зарарын  тигізбейді.  Мұндай  нәрсе  басқа  амалдарда  жоқ. Бухаридің  сахихінде  келгендей  пайғамбарымыз  сәжде  жасайтын  жерлерді  тозақ  оты  күйдірмейтінін  айтқан: «Аллаһ  тозақ  отына  адам  баласының  сәжде  орнын  жеуге  рұқсат  берген  жоқ».  Муслимнен  келген  риуаятта: « Жүздерінен  басқа  жерлері  жанып  жататын  қауымдар  болады», — делінеді.

8. Намаз — рухымыздың  азығы.

Ол — жанымыздың  азығы. Себебі тән  азыққа  мұхтаж  болғандай,  рухымыз  мейірімнің  түсуіне  өте  мұхтаж. Ол  екуінің  әр  қайсысы  азықтарын  сіңіріп  алады да  әрдайым  азығын  жаңартып  тұруды қажет  етеді.  Сөйтіп  Аллаһ Тағала  бес  уақыт  намазды  жанымыздың  күнделікті  азығы  етіп  жасап  қойған.

9.Намаз — ризық  келтіруші.

  Егер  пенде  намаз  оқып  намазына  берік  болса  Аллаһ  оны  ойламаған  жерден  ризықтандырады. «Үй  ішіңді  намазға  бұйыр  және  өзіңде  оған  көңіл бөл. Біз  сенен  ризық  тілейміз.  Сені  біз  ризықтандырамыз.  Соңғы  табыс  тақуаға (Аллаһтан қорқушыға)  тән.

Құрметті  мұсылман  бауырлар! 

Жоғарыда  Аллаһтың  сөзімен (Қасиетті  Құран  Кәрім)  және  Пайғамбарымыздың  сөзімен  (хадис)  айтқандай   намаз —  ұлы  әмір!  Намаздың  көптеген  пайдасы   барына  және  оны  оқыған  адамның  Аллаһқа  жақындайтынына  көптеген  хадистермен  көптеген  аяттар  бар. Солай  дегенменде   оны  түсінетін  түсінбейтін  адам  жетерлік.

Сол  себепті  түсінбейтін   бауырларымызға  оны  түсіндіріп  Аллаһтың  жомарт  екенін   және  адамды  көркем  бейнеде  жаратып  сансыз  нығмет  бергенін  және  ол нығметтердің  сұрауы  бар  екенін  түсіндіріп,  оны аз  да болса қайтару  үшін    намаз оқу  керектігін  айту  керек.

Олай  болса  Аллаһ  Тағала  әр  қайсысымыздың жүректерімізге  иман  беріп  намаз  оқуды  және  сұлу да көркем  жан  рахатын  алатын  жәннәтті  нәсіп  етсін!

Әмин.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің найб имамы: Күзембай Бекайдар.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Әйел адам намаз оқыған уақытында темекі тартуға болады ма?


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    намаз оқып уйренудің жолдарын айтсандар екен және түсінікті тілмен қалай жаттауға болады?


    • Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

      Бірінші ниет етіп дарет ал содан кейін намаз оқу ережелерін жазған кітапті алып оқы ниетін қабылболсын тезірек баста бауырым.

Пікір жазу