Асылхан Данияров: Мұсылмандар көркем мінезге бай

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) — нің қызметшісі болған Анас (р.а): «Мен Пайғамбарға он жыл бойы қызмет еттім, сонша уақыттың ішінде маған: Тәйт!- деп бір кейіген емес. Қашан мен бір нәрсе істесем: Сен бұны неге бұлай істедің? – деп, ал егер бір нәрсені істей алмай қалсам: — Сен неге бұны бұлай істемедің деп бір рет те сұраған емес», — деген екен. Мұнан  Аллаһтың Елшісінің (с.а.с) әр іске де кешірімді, шыдамды, әр сөзіне беріктігін көреміз, адамгершіліктің мол кеніне кенелеміз. Ол әр уақытта сахабаларына қайталап айтып отыратын сөзі: «Іштеріңдегі ең жақсыларың адал, уәдеде тұрғандарың», — деп жиі айтып отыратын, өзі де әркез үлгі болатын, ал Алла тағалаға  сенген әрбір мұсылман, Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірін өзіне үлгі еткені дұрыс болар еді.  Бір күні азан шақырылып намаз басталар кезде бір мүсәпір келіп Пайғамбарымыздың (с.а.с) шапанынан тартып, өзінің келістіре алмай тұрған ісіне жәрдем етуін сұраған. Пайғамбарымыз (с.а.с) намазын қоя тұрып, мүсәпірдің шапанынан тартқанына ренжімей барып оның ісіне жәрдем беріп келген. Намазын сосын оқыған екен. Бұл істен Аллаһтың Елшісінің (с.а.с) өте қарапайым екенін. өзінің басқарған ортасында жоғарғы — имандылық қасиетін таратушы екенін көреміз. Ал біздің дәуірдегі  кейбір адамдар елден ерекшеленіп алақанға салып жүргенді жақсы көреді.

Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерінде: «Мінезге көркем адамдар — толық иманды адам деп саналады деген, енді бір сөзінде «Қиямет күнінде таразының бір басына мінезге бай адамды, ал екінші басына намаз бен ораза ұстаған адамды салса теңеседі», — деген. Аллаһтың Елшісі (с.а.с) әр уақытта дұға жасап, Аллаһтан: «Иа Аллаһ маған жақсы қасиеттеріңді сыйладың, енді мінезге бай ете гөр», — деп тілеген, сонда Алла тағала «Қалам» сүресінің 4 — ші  аятында: «Шын мәнінде сен ұлы мінезге иесің», — деп айтқан екен. Негізінде «ұлы мінез» дегеніміз кең ұғым екен оның ішкі сырына үңілсек ол адам бойындағы ең керекті, ізгі қасиеттер, ол — имандылық, ал имандылық дегеніміз тәрбиенің ең жоғарғы сатысы болып саналады. Ол — ұятты басымдылық, бір сөзділік, мейірімділік, адалдық, ақ пейілділік тағы басқа жақсы қасиеттердің бәрін бойына қамтиды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) «Жүрегінде титтей тәкаппарлығы бар адам жәннатқа кіре алмайды», — деген сәтте маңайындағы сахабалардың бірі: «Уа Расулуллаһ (с.а.с) кез — келген адам киімінің және аяқ киімінің әдемі болуын қалар. Бұл да тәкаппарлыққа жата ма?», — деп сауал қояды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с) «Аллаһ тағала көркем, әрі көркемдікті сүйеді. Ал тәкаппарлық болса ақиқатты қабыл етпеу  әрі адамдарды жаратпау, менсінбеу», — деп жауап береді. Исламдағы осы рухани көркемділік адамдардың өзгеруіне әрі соның арқасында үлгі боларлық қоғамдардың пайда болуына септігін тигізеді.

Ислам діні адамзат баласын анадан туғандай тәрбиелеп, оған жақсы көркем мінез, әдеп, иман, әрі адамға жаңа кейіп, жақсы сүйкімді келбет береді. Әбу Зәрды (р.а) өзгелерге үлгі боларлық тұлға етті.  Хазреті Әбу Зарға (р.а) байланысты мына бір оқиғаға тоқталып өтсек Пайғамбарымыздың (с.а.с) біртуар тұлға екендігі әрі адамға жаңа кейіп берудің, адамды қайта жасаудың мысалы. Аталмыш оқиғаны Мурар бин Суайд (р.а): Әбу Зармен (р.а) кездесіп қалдым. Жанында құл бар еді. Таңқаларлық нәрсе екеуі де бірдей киінген екен. Мен мұның себебін Әбу Зардан сұрадым. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.с) көзі тірісінде Билал Хабашиге (р.а) «Ей қара қатынның баласы», — деп айтқан едім. Сонда Аллаһтың Елшісі (с.а.с) маған қарап «Әбу Зар олар сендердің қызметшілерің әрі бауырларың. Аллаһ тағала оларды сендерге қызметке берген. Кімде — кімнің қызметінде бауыры болса, қалай тамақтанса оны да солай тамақтандырсын, қалай киінсе оны да солай киіндірсін. Оған ауыр істер жүктемесін. Жүктер болса өзі де жәрдемші болсын», — деді. Адамзаттың асыл тұлғасы өнегелі өмірі ғибратқа толы Пайғамбарымыздың осы сөзінен кейін Әбу Зардың (р.а) ешбір жанды қорламағаны, керісінше өзімен бірдей ұстауға тырысқандығы тайға таңба басқандай анық.

Пайғамбарымыздың (с.а.с) бойындағы көркем мінезділікті Аллаһ тағала  қасиетті Құран Кәрімдегі мына аятпен: «Сен шын, мәнінде көркем мінез — құлық иесісің», — дегені айқындай түседі. Пайғамбарымыз (с.а.с) хадисінде «Көркем де ұлы мінезге бай адам өзін бақытты сезінеді, ол өмірді ұзартады, ал қастандық ойлау бұның қарама — қарсы беті, садақа беріп тұру қатерлі өлімнен сақтандырады», — деп ескерткен.

Алла тағала барша мұсылманға Пайғамбарымыз (с.а.с) — нің көркем мінезіне ие болуды нәсіп етсін

 Әмин.

 Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу