Сайрам ауданы: Мешіт имамдары бас қосты

Халық даналығында: «Сайрамда сансыз баб» деген тәмсіл сөз бар. Бұл оңтүстіктің ерекше аудандарының бірі болып саналады. Бір аудан көлемінжде 170-тен астам мешіт қызмет атқарады. Осы аудан көлемінде ай сайын қатарынан үш жылдан бері діни көшпелі діни семинар өткізіліп келеді. Семинар екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде, мешіт имамдарына фиқһ пәні бойынша дәріс оқылады. Ал семинардың екінші бөлімінде аудандағы мешіттердегі проблемалық мәселелер талқыланып, дер кезінде шешімдерін тауып отырады. Бұл үрдіс бүгінде өз жемісін беріп келеді. Көшпелі діни семинар Сайрам ауданына қарасты Сайрам ауылы «Сайрам жәми» мешітінде өтті.  Кезекті діни семинарда Дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің ел мұсылмандарына жолдаған үндеуіне орай  «Өткенге құрмет- елге құрмет» деген атпен өткізілді. Онда ауыл мешіттеріне жыл сайын сәуір айының соңғы жұма, сенбі күндері өтетін іс шара жан-жақты пысықталды.

Сондай-ақ, жиын барысында облыс имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров бір қатар мәселелерді атап өтті. Атап айтқанда,   ауыл мешіттеріндегі төтенше жағдайлар бола қалған жағдайда дер кезінде өкілдікке хабарлау, Діни басқарма және өкілдіккетің рұқсатынсыз өзге құзырлы мекемелерге мәлімет беруге болмайтындығы және бұйрықсыз найб, азаншы, молдалардың құжаттарын 30 сәуірге дейін дайындау, мешіт ауласын көкалдандыру, тал, терек отырғызу, Құран оқу бөлмесін заман талабына сай етіп, келген азаматтарға кемінде бір хадис айтып түсіндіру, күнделіті бесін намазынан кейін 10 минут уағыз айту, ауыл имамдары арасында үздік имамдарды анықтау, намазға діни басқарма бекіткен шапан, сәлдемен өткізу мәселелері тапсырды.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Заманымыз ар кашан тыныш болсын . мешіттеріміз көбейе берсын

Пікір жазу