Сапымызға «Сунна» сайты қосылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының www.muftyat.kz бастаған оннан астам облыстық сайттары елімізге діни-танымдық ақпарат таратуда. Аллаға шүкір, ҚМДБ-ның өңірдегі сайттары өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді.

Асыл дініміздің құндылықтарын насихаттауда бұл сайттардың ерекше орны бар. Мұсылман қауымы арасында танылып үлгерген қазақстандық сайттардан иман шарт, шариғат, әдеп-құлық тақырыптарынан тарта, Құран тафсирі мен хадис түсіндірмелеріне дейінгі мағлұматтарды алуға болады. ҚМДБ-ның сайттары кез келген талғамы жоғары діндар азаматтың көңілінен шығатын ақпарат көзі.

Осы сайттар қатарына жақында www.sunna.kz ислам ақпараттық-танымдық порталы қосылды. Қадамы құтты болсын. Портал Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының бастамасымен ашылды.

Ендігі кезекте, жаңа сайт еліміздің рухани-танымдық өрісін кеңейтуде ҚМДБ бастаған сайттармен бірге аянбай қызмет етеді деп кәміл сенеміз.

Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


3 + = 6