Дін маманы жаңа медиа технологияларды игеруде

Кеше, яғни сәуірдің 20-ы күні Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Инновациялық технологияларды ендіру және ақпараттық сараптама орталығында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының қолдауымен “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Жаңа медиа технологиялары қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу” тақырыбында екі күндік семинар-тренинг басталды деп хабарлады «Мінбер» Ұлттық интернет газетінің ресми сайты. Семинар-тренингке Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда және Тараз қалаларынан 20 журналист қатысуда.

Аталмыш семинарға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары М.Естеміров қатысып жатыр.

Наиб имам жаңа медиа технологияларды игеру үстінде.  Атап айтқанда, Интернеттегі құқықтық және лингвистикалық қауіпсіздік, Қазақстанда интернет  саласының құқықтық реттелуі, Интернеттегі сараптамалық мақала жазу үлгілері, блог ашу, жазба орнату, сурет қою, үнхабарға кіріспе, журналистік этика, интернетпен, әлеуметтік желілермен жұмыс тақырыптары үйретіледі. Екі күнге созылатын тренинг-семинар ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілуде.

Әріптесімізге сәттілік тілейміз.

Суретті түсірген: Ұлықбек Алиакбарұлы.

Суретті түсірген: Асқар Сәрсенұлы (Семинар-тренингке қатысушы)

Қаттани сайтының интернет бөлімі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу