Ұлықбек Алиакбарұлы: «Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек»

Алдымен «медиа» сөзіне тоқталсақ, ол ақпарат беру деген мағынаға саяды. Ескі заманда тас бетіндегі жазбалар болса, олар кейінгі заманда қағаз бетіне түсті, одан соң дауысты жазып алу мүмкіндігі пайда болды. Кешегі ғасырда адамды суретке және бейнетаспаға түсіруге қол жеткізілді. Осы жазбалардың барлығы тарату үшін жазылды. Аталмыш ақпараттарды «медиа» деп атаймыз. Медианың ескі және жаңа түрлері пайда болды. Ескілері – жоғарыда айтып өткендерім. Ал жаңасы – интернетке қатысты. Ескі медианы «дәстүрлі медиа» деп те атайды.
Жаңа медиа блог, блогшы, сайт деген ұғымдарды өмірге әкелді. Соңғы жылдары сәнге айналған блогшылар, блог дегенді дәстүрлі медианың журналистері жете түсінбегендіктен бе, көпшілігі дұрыс қабылдамады. Дәстүрлі медиа мен жаңа медианың айырмашылығы неде деген сұраққа жауап іздегендер аз болды.
«Ислам және өркениет» газетінің осы жылғы №7 санында «Әлеуметтік желілердің пайдалы жақтары» деген тақырыпта мақала жазған болатынмын. Ол жерде интернеттегі «Мой мир» секілді әлеуметтік желілерді пайдалана білейік деген ұсыныстар жасаған едім. Бүгінгі тақырыбым соның жалғасы ретінде болмақ.
Қазіргі уақытта ҚМДБ-ға қарасты он бестен аса сайт жұмыс жасайды. Аллаға шүкір, оларда дін насихаты бір ізге түсіп, халықты имандылыққа баулуға үлес қосуда. Жақында ғана Қызылорда облысындағы өкілдіктің де жаңа сайты ашылды.
Тақырыптан сәл ауытқып, блогтар жайлы айта кетсем.  Жалпы, «блог» деген ұғымды Қазақстанға ең бірінші алып келген Орта Азия елдеріне арналған «Neweurasia.net» блогындағы қазақ тіліндегі хабарлардың үйлестіруші-редакторы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жауапты хатшысы Асхат Еркімбай болатын. Асхаттың жасы кіші болғанымен, одан үйренер нәрсе өте көп. Соның бірі – осы интернеттегі сайт немесе блогтарды тиімді пайдаланып, халыққа дұрыс насихаттарды жеткізу.
Енді ҚМДБ-ға қарасты сайттарға көз жүгіртетін болсақ, «Muftiyat.kz» сайтының төменгі жағында әріптес сайттардың тізімдері келтірілген. Өз басым сайттарды мінеп, сынағым келмейді. Жазбамды ол үшін арнағаным жоқ. Мақсатым – сан емес, сапаға көшуді ұсыну. Себебі сол жердегі сайттардың көпшілігінің оқырманы өте аз. Не себепті? Енді осы жағдайдың басты себептеріне жеке-жеке тоқталып өтсем. Өйткені, бұл біздегі жаңа медианың дамуына тосқауыл болып отырған жайттар болып табылады.
1. Сауатсыздық. Дәлірек айтқанда, ІТ сауатсыздық. ІТ дегеніміз – ағылшынның «Information Technology», яғни «ақ-параттық технология» деген сөзінен қысқартылып алынған сөз. Осы жерде ІТ сауатсыздық туралы Асхат Еркімбайдың сөзін келтіре кетсек: «Ең үлкен мәселе сол  – ІТ сауатсыздық. Қазіргі күні адамдар «майл.руды» білсем, интернетті білем деп ойлайды немесе вордта, екселде жұмыс істеп отырса, компьютерді білем деп ойлайды. ІТ сауаттылық деген не? ІТ сауаттылық дегеніміз – компьютердің ішіндегі бағдарламаны өзіңнің жұмысыңа бейімдей білу. Қарапайым «gmail» поштаны өзіңнің жұмысыңа бейімдеп, жез қоңырауды жасап қою. Яғни интернеттегі бағдарламаның жетегінде кетпе, қайта сен оны өз жетегіңе ал. Сауаттылық деген осы». ІТ сауаттылық жөнінен Қазақстан өте төмен деңгейде екен. Зерттеулер бойынша, Қазақстан оқу-жазу жөнінен дүниежүзіндегі ең сауатты он елдің қатарына кіргенімен, ІТ сауаттылық бойынша біз Африка елдерінің деңгейінде тұрмыз.
2. Сапа. ҚМДБ-ға қарасты сайттар бастапқы уақытта сапаға мән берген жоқ. Бұл жерде тек ҚМДБ сайттары жайлы сөз қозғаған да орынсыз деп ойлаймын. Себебі елімізде әлі күнге дейін көптеген газет-журналдардың жеке сайттары жоқ және сайттардың сапасына көңіл бөлмейтіндер қатары аз емес.
3. Көшірумен айналысу. Мүфтият сайтында тың жаңалықтар, мақалалар жарияланып тұрады. Әсіресе, төл басы-лымдарымыз – «Ислам және өркениет» газеті пен «Иман» журналындағы ма-териалдар басылып жатады. Ал басқа сайттар сол мақаланы көшірумен айналысып жүр. Әрине, сайт иесі қазаншының өзі болғандықтан, сайтына не саларын өзі біледі. Бірақ, сайттың өзінің жеке материалдары болмай, көбіне көшіріп отырсаңыз, сіз оқырманнан айырыласыз. Сіздің сайтыңызға кірген оқырман соңғы жаңалықтарға қарап шығады. Қараса, басқа сайтта бар мәліметтер көшірілген. Демек ол оқырман енді сіздің сайтқа кірмеуі мүмкін. Себебі жаңалықты негізгі ақпарат көзінен оқыса да болады.
4. Сілтеме мен гиперсілтеменің айыр-масын да білген жөн. Жарайды, басқа сайттан көшірдік делік. Ол кезде міндетті түрде сілтемесін жазу керек. Сілтемеде материалдың алынған орны, яғни сайты жазылады. Ал кейбір сайттар гиперсілтеме болуын талап етеді. Гиперсілтеме дегеніміз – сол жазылған сілтемені басу арқылы ақпараттың негізгі орналасқан жеріне өткізетін сілтеме.
5. Сайтты немесе блогты жаңартпау. Сіз сайт немесе блог ашқан соң, оны міндетті түрде жиі жаңартып отыруыңыз шарт. Қоғамда сауаттылық артқан сайын адамдар өзіне керекті сайтты ғана оқитын болады, өзіне керекті нәрсені ғана іздейді. Діни сайттар қазіргі күні көбейіп келеді. Дегенмен, адамдар оның барлығын оқымауы мүмкін. Негізі сан сапаға ұласады. Ал ол контенттің сапасын арттыра түседі. «Қазір, иә сан көп, сол сан бірте-бірте сапаға алып келеді. Нәтижесінде қоғамда сапалы ақпарат пайда болады. Өзара бәсеке күшейеді. Мысалы, екі адам экономиканы жазатын болса, біреуі үш күнде бір жаңаласа, біреуі екі күнде жаңалайды. Мен екі күнде бір жаңалайтынын жиі оқитын боламын да, аптасына бір рет жаңалайтынды мүлде оқымайтын боламын. Сөйтіп, сан сапаға ұласып, интернетте виртуалды бәсеке орнайды. Бұл жақсы үдеріс. Сондықтан, біз қазір блог деп айтып жүргеніміз де сол. Блог көбейсін, сан көбейсін, сан сапаға алып келеді. Сайт ашсаң да, сондай болады», – дейді Асхат Еркімбай.
Діни сайттардың басты міндеті – уағыз-насихат жасау болғандықтан, оған мейлінше көп адамның кіргені жақсы. Интернет бүгінде жастардың ең көп отыратын орны болғаны белгілі. Сайтты жаңартпау – сапаға мән бермеу деген сөз. Өз басым сайт ашқан мешіттермен сөйлескен уақытта қарайтын адам жоқ деген жауап аламын. Менің мамандығым ІТ саласы емес. Бірақ үйренуге тура келді. Себебі заманның ағымы, талабы осы. Демек, сіз де сайт аштыңыз ба, онда міндетті түрде онымен айналысатын адам алуыңыз шарт емес. Имам не молда бола тұра, өзіңіз де үйренсеңіз болады. Сонда сіз ІТ маманы болмай-ақ, сайтыңызды жаңартып отыратын боласыз. Сіздің сайтыңызға сізден басқа кімнің жаны ашысын?! Жаныңыз ашыса, үйреніңіз немесе қоластыңыздағы діни мамандарды оқытыңыз.
2011 жылы мамыр айының 28-29 күндері «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы «Сорос Қазақстан» қоры мен ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы өкілдігінің қолдауымен «Қазақ тілді ақпарат тәжі-рибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өткізді. Иә, небәрі екі күн ғана. Семинар-тренингке қазақ тілінде жаңа медиа технологияны түсінгісі келетін, журналистік қызметінде ғаламтор мүмкіндігін (блог, микроблог, әлеуметтік желілер, web 2.0 тәсілдері) кеңірек пайдалануды көздейтін журналистер мен журналистикаға бейімі бар адамдар шақырылды. Осы тренингке мен де бардым. Екі күнде ұстаздар интернеттің қыр-сырын үйретті. «Мінбер» жур-налистерді қолдау орталығының басшысы Есенгүл Кәпқызы және Асхат Еркімбайға осы білімді біздің имамдарға үйретіңізші деген ой тастаған болатынмын. Олар қуана қоштады. Кейін ол жерден алған білімім, әрі сайт жасаудағы тәжірибем арқылы өз облысымызда да екі күндік тренинг ұйымдастырып, аудан имамдарына интернетте блог, домен, хостингтерді ашу жолдарын, хостинг алған соң, ол жерге сайтты орналастыру, сайтты әрлеп, көркемдеу, оған мақала жариялау жолдарын үйреттім. Соның нәтижесінде Қаттани мешітіне қарасты бірнеше блог пайда болды. Осы күні сол имамдар аудандағы іс-шараларын біздің сайтымызға жіберіп келеді.
6. Сайтты не блогты көбіне өткен-кеткен іс-шаралармен толтыру. Қазіргі діни сайттарды бақылап шығар болсақ, көбінесе әр жерде болған шаралар туралы ақпараттарды көресің. Оны жазба деп айта алмаймыз. Әрине, халық мешіттің тыныс-тіршілігімен таныс болуы қажет. Бірақ оқырман негізінен танымдық, талдамалы, қызықты материалдарды оқуға құмар. Менің бұл сөздерімді біздің «Kattani.kz» сайтына келіп түскен мыңдаған пікірлер қуаттайды.
7. Уағыз-насихат жазғанда, тақы-рыпты таңдай білу керек. Тақырып демекші, сайтыңызда басқа сайттың қозғаған мәселесін қозғаудың қажеті жоқ. Өз облысыңызда, қалаңызда қандай мәселе өршіп тұрса, сайттағы жазбаларды да сол мәселелерге арнай білу керек. Сосын интернеттегі жазбалар газет-журналдағы мақалалар секілді емес. Газетті беттеп оқи бересіз. Ал интернеттегі мақала ұзыннан-ұзақ төмен қарай созыла береді. Осы себепті қысқа да нұсқа, нақты жазуға тырысқан дұрыс.
8. Сайт жасаған соң, оқырманның жағдайын жасауға тырысу қажет. Соның бірі – сайттың «wap» нұсқасын жасау. Яғни сайтты телефоннан оқи алатындай етіп қою. Себебі қазір қалта телефонын қолданбайтын адам жоқ шығар. Олардың көпшілігі компюьтерді қосып, интернетке кірмесе де, қалта телефоны арқылы кіруі мүмкін. Мысалы, сайттарды шарлап, қала берді блогшылардың жазбаларын оқу үшін бір күн кетеді. Ал енді осының бәріне қалай уақыт табамыз деген сұрақ туындайды. Күнделікті жазбаларды оқу үшін бір күнгі уақыт кетсе, кім жұмыс істейді? Бұл жерде жаңа медиа құралды дұрыс пайдалана білу жеткілікті. Мысалы, мен өзім автобуста кетіп бара жатып та, телефон арқылы интернетке кіріп, жазба жазып, поштамды бірден тексере аламын. Демек, интернет-пен жұмыс істеудің өзінің бір әдебі бар. Сайттардағы RSS-тер адам жұмысын жеңілдетеді, мәселен сізге әрбір сайттың адресін ашып кіру керек емес, оларды е-поштаңызға тіркеп қоюыңызға болады. Онда қалта телефоныңыздағы жеке поштаңызға басылымдар мен сайттардың жаңа мақаласы келіп түсіп тұрады. Егер телефоннан оқи алмасаңыз, үйге не жұмысқа келгенде мақаланың жалғасын компьютер арқылы оқып аласыз.
Осылайша сіз еліңізге, дініңізге пайдалы іс істеген боласыз. Жоғарыдағы аз ғана жазбалардан соң, теріс ағымдарға кетіп жатқан жастардың алдын осы интернет арқылы да алуға болатындығына көзіңіз жеткен шығар деп ойлаймын. Сайтыңызға сіз тек жазба емес, аудио, бейне, инфографика, сурет салуыңызға да болады. Бұл жерде де көшіру, сапа деген мәселелерге мән бергеніңіз жөн.
Сөз соңында ҚМДБ-ға қарасты сайт админдері кездесіп тұрмаса да, интернет арқылы хат алмасып тұрған жөн деп есептеймін. Өз басым мүфтият сайтының админдерімен хабарласып, хат алмасып түрғаным болмаса, басқа діни сайттарды жасап жатқан азаматтырды танымайды екенмін. Алдағы уақытта саннан сапаға өтіп, мәселелерді сөз жүзінде емес, іс жүзінде шешуге тырысайық.
Қысқасын айтқанда, жаңа заманға сай жаңа медияны меңгерген имамдарымыз көп болуы керек!
Ұлықбек Әлиакбарұлы,
«Kattani.kz» сайтының администраторы

Мақаланың орналасқан жері.

Редакциядан: Жоғарыдағы жаңа заман талабына сай көтеріліп отырған орынды мәселелерге біз де өз тарапымыздан келесі жайды қоса кетуді жөн көрдік. «Ислам және өркениет» газеті редакциясына барлық облыстардан имамдар, дін қызметкерлері өздерінің мақалаларын жолдап жатады. Көбіне-көп сол мақалалар газеттен бұрын сайттарға шығып кетеді. Бір сайт оны басқан соң, басқа ислами сайттар да бір-бірінен көшіріп, беріп жүр. Негізі, сайтқа шығып кеткен материалды газетке қайта басу орынсыз, дегенмен, имамдар-дың еңбегін көрсету мақсатында кейбірін газет бетіне жариялап жүрген жайымыз бар.
Айтайын дегеніміз, газеттен бұрын сайттарға шығып жүрген сол мақалалардың көбіне-көп редакцияланбай, қатесі қаралмай, яғни кейде дайын емес күйде, тіпті арасында сауатсыздау жазылғандары да жарияланып кетіп жатқандығы. Газетте олардың бәрі түбегейлі сүзгіден өтіп, үтір-нүктесіне дейін қаралып, сөйлемдері дұрысталып, артық-кем жерлері қосылып-алынып барып жарыққа шығатыны белгілі. Мұндай келеңсіз жағдай ислами сайттардың беделіне нұқсан, оқырманнан ұят екені бесенеден белгілі. ҚМДБ-ға қарасты сайттарға жауапты адамдар мақаланы берерде оны жақ-жақты қарап, әріп, сөйлем қателерін дұрыстауға көңіл бөлуі тиіс. Бұл да заман талабы!

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Өте орынды бастама көтеріп отырсыз Ұлықбек аға! Сіздің осы бағытта жазған бұдан алдыңғы мақалаңызды да оқығанмын. Жалпы менде имамдықтың ауыр аманатын арқалаған мешіт қызметкерімін. Мақалаңыздағы айтылған әрбір сөздер, ұсыныс пікірлер бәрі жеке маған айтылып жатқандай әсерде қалдым. Иә, өте дұрыс айтасыз. Бізге (Имамдарға) кәзіргі таңда діни ілімдерді терең меңгерумен қатар ақпараттық технологияларды да, әсіресе компютер, интернет саласын жақсы меңгеруіміз заман талабы болып отырғаны шындық. Сондықтан әлгіндей семинарларды көптеп ұйымдастыру қажет деп ойлаймын. Егер мен де осындай семинарларға шақырылып жатсам қуана-қуана қатысар едім.


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ұлыкбек бауырым мақалаларың барған сайын терең ңылыми болып келе жатыр. Осылай алға баса бер.


  3. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Мәселені жақсы көтеріпсіз! Дін өкілдерінің де жаңа медианы меңгеруі, ал мұны басшылықтың қолдауы жақсы жаңалық. Қазір дін өкілдерінен де бұрын жаңа медианың мүмкіндіктерін газет, электоронды БАҚ өкілдері де терең түсініп отырған жоқ. Сондықтан, бұл туралы барынша көп насихаттай беру керек деген ойдамын.


    • Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

      Әріптес Раушан сіздің де атқарып жатқан істеріңізге сәттілік тілеймін. Әріптес дегенім имамдық емес журналистік салада :). Ұ.Алиакбарұлы.


  4. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Мақала өте жан жақты ойлана, терең толғана жазылыпты. Меніңше, ІТ саласын моллалар мен ақын жазушылар көбірек меңгерсе болады. Өйткені, қазір жастардың көбі интернеттен бас алмайды, олар жақсы жаманды парықтамай теріс түсінік алып жатады. Сол үшін, иманды, ұлт жанды мамандар осы салаға көбірек ат салысуы керек сияқты…


    • Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

      Пікіріңіз орынды.


  5. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ассаламуғалайкум. мақалада тың ойлар жазылған екен. көпшілік мешіт қызметкерлері бұл жаң техналогиядан бейхабар екені ақиқат. Енді осыны іске асыру қажет. Ұлықбек ағамызға осы технолоияны меңгеру үшін қол ұшын беруді сұраймыз. Ісіңізге сәттілік тілеймін АҒА!


    • Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

      Пікіріңізге рахмет. Қолымыздан келгенше көмек береміз.


  6. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Өте орынды және жан-жақсы айтылған сөз.


  7. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Жақсы жазылған екен… Рахмет.


  8. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Имамдарымыздың жаңа медианы игеріп уақыт талабына сай біліктілігі артып интернет жүйесінде қасиетті дініміз исламның насихатталуына еңбек етіп жатса нұр үстіне нұр болар еді. Улықбек бауырым Алла разы болсын!

Пікір жазу