Шардара ауданы: Бақытты ұрпақ - баға жетпес байлығымыз

Сәуір айының 17 - ші жұлдызында Шардара қаласы №3 дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп - интернатында «Бақытты ұрпақ - баға жетпес байлығымыз» атты тақырыпта өткен семинарға  ардагер ұстаз Жамал Өтегенқызы Төлешова, аудан имамы Асылхан Данияров, аудандық мәслихат депутаты Қарабаева Райхан, М. Горький жалпы орта мектебінің ұйымдастырушы педагогы Батырымбетова Гауһар, Ж. Жабаев бастауыш мектебінің ұстазы Атшабарова Дариға, Қоссейіт жалпы орта мектебінің ұстазы Жоланбекова Гульмира  қатысты. Өткізілген семинардың басты мақсаты жаңа ғасырдың талантты ұрпақтарын тәрбиелеуге бағытталған жаңа идеялар мен тың үрдістерді насихаттау.

Семинарда психологиялық тренинг «Мен бір жұмбақ адаммын» психологы Б. Құлахметов, қазақ әдебиеті «Көркем әлем - көкейтесті көзқарас» педагогы Г. Айтуреева, поэзия кеші «Жүрегімде жырым бар» жас талант А. Сламова, пікір алмасу сабағы «Өмір маған қымбатсың» педагогы І. Досан, дөңгелек үстел  «Қыз өмірдің қызғалдағы» педагоы Г. Шойбек, өзін - өзі тану ашық тәрбие сағаты «Ізгілік іздеп келемін» педагогы Г. Қасымбекова, отбасылық сайыс сабағы «Жаныма қымбат жанұям» педагогы Э. Кулиева, сайысқа түскен Абуовтар отбасы, Қожахметовтер отбасы, Мырзақадыровтар отбасы, Қожабековтар отбасылар арасынан бас жүлде, 1 орын, 2 орын  жеңімпазы анықталып, алғыс хатпен сыйлық табыс етілді. Семинар соңында  мектеп алаңшасында дарынды балалар мектебінің оқушылары «Өнерге құштар дарынбыз» атты шағын концертін көріп тамашалады.

Сөз кезегінде ардагер ұстаз Жамал Өтегенқызы Төлешова, аудан имамы семинарға жиналған көпшілікке бүгінгі семинарды ұйымдастырушы дарынды балаларға арналған мамандырылған  мектеп - интернатының директоры Гулия Шайхидинқызы Қасымбековаға алғыстарын білдірді.

 Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


5 + = 11