Шардара ауданы: Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу

Сәуірдің 20 - шы жұлдызында  Шардара қаласы Б. Соқпақбаев жалпы орта мектебінде, осы аталмыш мектептің  құқықтану пәнінің ұстазы Ақбердиева Айгүлдің ұйымдастыруымен «Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Б. Соқпақбаев жалпы орта мектебінің директоры Маханов Құдайберген,  аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әлібеков Арапбек, «Шардара» аудандық  орталық мешітінің бас имамы Данияров  Асылхан, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бердібекова. Г, әлеуметтік педагог Шербекова А,  мектеп психологтары Халмұратова.Н, Рахманова.А, мектептің медбикесі Абдімуталипова. А қатысты.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әлібеков Арапбек қазіргі таңда жастар арасында құқық бұзушылықтың жиілеп бара жатқандығын айта келіп, жастарды тәрбиелі инабатты ибалы болуға шақырды.

Аудан имамы Асылхан Данияров сөз барысында иманды болу ол ұятты арлы әдепті болу. Әдептілік адам бойында турашылдық мінезді, ізеттілік талаптарының бұзылуына қарсы күресетін күш - қайратты қалыптастырумен қатар оның рухани болмысында ұялу сезімін, адамдарға  қайырымдылық, мейірбандылық, шапағат көрсету, қанағатшылдық, өзін басқаның орнына қоя білу мәрттігін, адамдарды жақсы көріп қана қоймай, оларға қызмет көрсету тілегін, кайырлы іс істеу, жамандыққа қарсы ұмтылу қасиетін, құлшынысын, кішіпейілділік, кешірімділік, пәктік сезімін, өзінің ғана емес, басқалардың да тілектерін құрметтеу ізеттілігін, ұқыптылық, тазалық тәртібін шыңдайды дей келе сөзін қорытындылады.

 Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


− 4 = 0