Шардара ауданы: Діни ағымдардың алдын алу

Сәуір айының 14 - ші жұлдызында Шардара ауданы Қазақстан ауылы С.Кеттебеков жалпы орта мектебінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аудабаев Абай, Қазақстан ауылы «Сары Амангелді» мешітінің бас молдасы Қуатбеков Жомарт 11 - ші сынып оқушыларымен «Діни ағымдардың алдын алу» атты тақырыпта кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға қазіргі таңда елімізде белең алған діни ағымдардың аттарын атап, олардың қоғамға зияндығы жайлы әңгіме кеңінен өрбіді. Мектеп оқушылары көкейде жүрген әр - түрлі сауалдарын ауыл молдасына қойып, тұшымды жауаптарын алды. Мектеп бітіруші түлектерге Шымкент қаласындағы «Шымкент» медресесі, Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылы «Сарыағаш» медресесі, Алматы қаласындағы Нұр - Мүбарак Ислам Египет мәдениеті университетінің 2012 жылғы оқу жылына қабылдау науқаны жүріп жатқанын хабарлады.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Мақаладағы пікірлерге RSS арқылы жазылу
  1. Жомарт бауырым, мектептерге барып кездесуді жиі ұйымдастырып тұрсаң жөн болар еді.Себебі бүгінгі оқушы, ертең студент болады.Саналарына өзіміз ұстанатын ханафи масхабын сіңіру керек.Игі істеріңе Алла береке берсін!

Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


5 − 4 =