Арыс ауданы: 1-мамыр күніне орай «Бейбіт болсын болашақ» атты кеш болып өтті

Жиделі ауылының жалпы орта мектебінде  1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бейбіт болсын болашақ» атты кеш болып өтті. Кешті ұйымдастырушы директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары Г.Ашимова мен Н.Сапарбеков болатын. Кештің алғашқы  құттықтау сөзі Арыс ауданынның маслихат депутаты, мектеп директоры Г.Әуезоваға берілді.Г.Әуезова жиналған көпшілікті «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесімен құттықтады.Өз сөзін  былай сабақтады «Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмірмен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамына айналды.Қазақ жерінде топтасқан халықтар ешқашан бірін-бірі алаламаған,тіпті қиын замандарда да бірге болып, бірлік пен достықты сақтай білген. Еліміздің басты байлығы осында жатыр», — деп көпшілікке Елбасымыздың ұстанған саясатының  бірлікке, ынтымаққа, татулыққа негізделгенін атап өтті.

Кеште сөз сөйлеген ауыл имамы Е.Мауленов Елбасымыздың саясатының арқасында еліміз бейбіт өмір сүріп жатқанын айтты.Жаһанның кейбір елдерінде болып жатқан соғыс отынан елімізді сақтап отырған Алла тағалаға шүкіршілік айтып, шәкірттердің бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырып, елге адал қызмет етер азамат болып өсе берулеріне тілектестігін білдіріп, еліміздің одан сайын дами беруін үшін  Аллаһқа дұға жасады.Әлбетте, Аллаһ тағала дұғаларды естуші, ырзық беруші. Өз тарапынан мектеп ұжымыда ауыл имамы Е.Мауленовке шәкірттерге мәнді де, мағналы насихат айтқаны үшін және де мектептің тәрбие істеріне үнемі қолдау білдіретіндігі үшін   алғыстарын айтты. «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады»,-  деп президентіміз Н.Назарбаев айтқандай бірлігіміз арта берсін жамағат!

Арыс ауданаы, Жилелі ауылы,

НҰРБОЛАТ САПАРБЕКОВ

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Мектеп пен мешіт ынтымақтастығын нығайта отырып, жас ұрпаққа имани тәрбие беру ісінде көп істер тындырып жатқандарыңызды сайттан оқып, бақылап отырамын.Келешекте де игі істерді бірлесе атқара берулеріңізге шын жүректен тілектеспін.Мектеп ұжымы мен мешіт жамағаттарына Аллаһ разы болсын!

Пікір жазу