Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Астана қаласындағы Астана медресесін бітіруші шәкірттерді қызметке бөлді.
ҚМДБ-на қарасты ислами оқу ордасының «Исламтану» мамандығы бойынша биыл 18 шәкірт білім нәрімен сусындады. Қазіргі заманғы технологиялармен жабдықталған, білім алуға жан-жақты жағдай жасалған медреседен түлеп ұшқалы отырған шәкірттер жер-жердегі мешіттерге қызметке тағайындалды. Дінбасы болашақ дін қызметкерлеріне батасын беріп, шәкірттерді дінге адал қызмет етуге шақырды. Сондай-ақ, Астана шәкірттеріне Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Қ.Маханбет, Қазақстан қажылар қауымдастығының төрағасы Е.Дуанаев, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Ш.Керім де өздерінің ізгі тілектерін білдірді.