Түлкібас ауданы: «Мешіт имамдары қайта тіркеуге дайындалуда»

Бүгін аудандық орталық «Түлкібас ата» мешітінде кезекті семинар жиналысы болып өтті. Бұл семинарға ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Мырзабаев Зайырбек, осы бөлімнің бас маманы Сақыбеков Шахмардан,әділет басқармасының бас маманы Үмбетәлиева Сандуғаш және ауыл мешіттерінің имам — молдалары қатысты . Ауданымыздың орталық мешітінің бас имамы Бауыржан Оңалбаев жиналысқа келген имамдарға бірқатар тапсырмаларды айтып өтті.Жаз айында діни сауат ашу курсына жас балаларды оқытуды және жоғары дәрежедегі Нұр-Мүбарак университетіне, Шымкент, Алматы, Астана медреселеріне шәкірттер дайындауды,олардың ертең өзімізге келетін діни кадрларымыз екенін түсіндірді. Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Шахмардан Сақыбеков жаңа заңмен таныстырды. Зайырбек Мырзабаев ауылдағы мешіт аттары дінімізге сәйкес болуы керек екенін, қайта тіркеу кезінде ру және жеке адам аттарымен аталатын мешіттердің атын өзгерту керек екенін айтты.

Әділет басқармасының маманы Сандуғаш Үмбетәлиева мешіт құжаттарын түгендеп , қалай тіркеуге өткізу керек екенін айтып кеңес берді .

«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі .

29.05.2021 жыл. Сағат 10.00.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу