Бүгін ауданымыздың орталығындағы мұражайда қуғын – сүргін құрбандарын еске алу митингісі болды . Бірінші кезекте «Түлкібас ата» мешітінің бас имамы Бауыржан Оңалбаев репрессия құрбандарына құран аяттарын бағыштады. Аудан әкімінің орынбасары Өтепбай Маткеримов зұлымат жылдарды еске алып, ондай жаманшылық жылдар енді қайтып елімізге – жерімізге қайтып келмесін деп тілек айтты. Соңынан репрессия құрбандарына гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланып еске алынды .
«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі.
31.05.2021 жыл. Сағат: 10.00.