Қалижан ЗАҢҚОЕВ: Исра және Миғраж мұғжизасы

Үстіміздегі ай ережеп. Ережептің жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған кеш исра және миғраж оқиғасы болған түн. Бұл биыл маусымның он алтысынан он жетісіне қараған кешке сәйкес келеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өміріне қатысты миғраж секілді кейбір уағыздарды ара-кідік жылына бір рет қайта айту қажет болатын тақырыптардың бірі. Мұндай уағыздарды естіген сайын мұсылман өз хабибінің (с.ғ.с.) басынан өткерген оқиғаларын жадына алып, иманы күшейе түседі. Сондай уағыздардың бірі Исра және миғраж оқиғасы. Бұл оқиға пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең үлкен мұғжизаларының бірі болып табылады.

Исра және Миғраж ислам тарихындағы ең ауыр кезеде болған оқиға. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әке орнын басқан Әбу Тәліптен, сүйген жары Хадишадан айырылып, қабырғасы қайысып жүрген уақыт еді. Сонда Аллаһ тағала Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) исра және миғражды сыйлады. Бұл оқиға Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Аллаһ тағала тарапынан үлкен бір жұбаныш әкелді. Үміт шамын қайта жақты.

Миғраж оқиғасы арқылы Аллаһ тағала ешбір адам баласы көрмеген, шексіз, ұшы-қиырсыз ғарышты, көктегі аспан қабаттарын, пейіш пен тозақты көруді Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға нәсіп етті. Онда Аллаһ тағала Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көптеген мұғжизалар көрсетті. Исра және миғражды Мұхаммедке (с.ғ.с.) көрсетудегі мақсат, аятта:

لِنُرِيَهُ مِنْ آَيَاتِنَا…

«… оған белгілерімізді (мұғжизаларымызды) көрсету үшін», — (Исра, 1-аят) деп баяндалды.

Осы түнде Жәбірейіл (ғ.с.) періште  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алдына келіп: Ей, Мұхаммед, Аллаһ тағала ешкімге нәсіп етпеген шарапатты саған нәсіп еткелі тұр. Сені құзырына шақырып жатыр, -дейді. Осыдан  кейін Жәбірейіл (ғ.с.) Пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.ғ.с.) Харам мешітінен  Ақса мешітіне  бір сәтте алып келді. Бұл оқиға түс емес, рухани серуен де емес. Ол Пайғамабарымыздың (с.ғ.с.) өңінде әрі денесімен, әрі рухымен жасалған сапар. Аятта пендесін  деген сөзден әрі  денесі, әрі рухы түсініледі. Тек қана рухы болғанда пендесінің рухын делінген болар еді.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Исра жасағаны туралы қасиетті Құра

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники