Вакф қорының басшысы Түркияда оқып жатқан имамдармен кездесті

Қасиетті Шағбан айының алғашқы күні Болу қаласынадағы «Имамдардың білімін жетілдіру орталығында» Түрік Республикасы, Дианет істер басқармасына қарасты «ТDV» (Түркие Диянет Вакфы) қорының атқарушы директоры Мұстафа Туткун мырзамен кездесу болып өтті.

Арнайы имамдармен кездесу үшін Анкара қаласынан келген Мұстафа Туткун мырза қор жұмысының атқарып отырған жұмыстарымен таныстырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия Мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет пен  Түрік Республикасы, Дианет істер басқармасының және ТDV-ның төрағасы, профессор Мехмет Гормез мырзалардың екіжақты келісімі негізіндегі жасалып отырған аталмыш курс жұмыстары жыл сайын өз жалғасын табатынын жеткізді.

Жалпы, бұл орталықта жыл бойы тұрақты әлемнің жиырмаға жуық елдерінен  дін мамандары арнайы іс тәжірибеден өтіп, діни біліктіліктерін арттырады екен. Бүгінгі таңда, қазақстандық имамдар мен бірге Америка, Франция, Германия, Қырғызстан т.б. елдерден келген дін мамандары білім алуда.

Кездесу   соңында  аталмыш қордың басшысы бауырлас, қонақжай қазақ елінің дамуын, рухани өркендей беруін тілеп, дұғай сәлем айтты. Бұл кездесуден имамдарымыз мол әсер алды.

Мұхамеджан Естеміров,

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

ОҚО бойынша өкіл имамы орынбасары

Түркия/ Болу қаласы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу