«Қалдыбек» мешіті

«Қалдыбек» мешіті Мақтарал ауданы Мақталы ауылдық әкімшілігінде ауылға кіреберіс үлкен тас жолға жақын жерде орналасқан. Мешіт жобасы Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасынан алынған. Мешітті ауылдың құрметті азаматы зейнеткер Намазхан Әмірбекұлы Есенбек өз қаражатымен2006 жылы салдырған. Мешіт ғимараты күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Мешітке жер   көлемі 0,20 га, пайдалы көлемі 140шаршы метр. Мешіттің ішкі көлемі 13х9 шаршы метр. Дуалының биіктігі 4 метр. Мешітке әрқайсысының биіктігі 7,5 метрлік  2 мұнара мен биіктігі 3 метрлік бір күмбезі орнатылған.  Мешіт   150 адам намаз оқуға есептелінген. Залда күмбездің ортасында 12 шамдық үлкен люстра орнатылған. Бұл мешіт ішін толық жарық қылып тұрады. Мешіт ішінде имам уағыз айту және жұма намазының құтбасын оқитын биіктігі 1,2 метрлік мінбер қондырылған. Мешіт жанынан намазхан қауым отырып демалатын бір қысқы және жазғы бөлме салынған. Дәретхана аулада орналасқан. Мешіт айналасы темір решеткамен  қоршалған. Мешітке  намаз оқу үшін 3 ауылдан намазхандар келеді.   Аудан имамдары мешітке жиі келіп уағыз насихаттар жүргізіп тұрады. Мешіт ішнде имамға арналған көлемі 2,3 метрлік арнайы бөлмеде қарастырылған  Мешіт ауласында 80 түп мәуе ағаштары және қорғанды айналдырып тұт ағаштары отырғызылған.   Мешітке кіретін жолақтан екі жағына гүл егілген. Аллаға  имандылық айнасы тақтасы орнатылған.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: 

Пікір жазу