Хайыз және нифас кітабы — ИСТИХАЗА (Үзір қаны)

Истихаза (үзір қаны) — Жатырдың ішіндегі тамырдан сырқатқа байланысты етеккір не нифас мерзімінен тыс уақытта келетін қан үзір қаны немесе истихада деп аталады. Әйелден үш күннен аз не он күннен астам уақыт ішінде келген қан, ал босанған әйелдер үшін қырық күннен көп уақытта келген қан ханафилер мен ханбалилерде истихаза, яғни үзір қаны болып есептеледі.

Мұрынның тоқтамай қанауы не жарадан аққан қан үзір қанына жатқызылып, дәрет бұзылады. Қаны жалғасқан мұндай әйел «үзірлі» деп саналады. Үзірлілердің өздеріне тиісті үкімдері бар. Мұнда етеккір не нифасқа байланысты тыйым салынған ораза және намаз секілді ғибадаттарға, тауафқа, Құранды ұстауға, оқуға, мешітке кіруге, иғтикәф және төсек қатынасына тыйым салынбайды. Өйткені Ислам діні үзірлілерге жеңілдік жасаған.

Үзір қанының тек дәретті ғана бұзатындығы хадистер арқылы дәлелденген. Айша анамыздың (р.а.) риуаят етуі бойынша Әбу Хубайш қызы Фатима (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.у): «Мен үзір қанын көрдім, таза жүре алмай жатырмын, намазды оқымайын ба?» — деп сұрағанда Пайғамбарымыз (с.а.у) оған: «Бұл — етеккір қаны емес, бір тамырдан шыққан қан. Етеккір келгенде намаз оқыма. Етеккір мерзімі аяқталған соң жуынып, ғұсыл ет және намаз оқы», - деп жауап берген.

Пайғамбарымыздың (с.а.у) Хамна бинт Жахшты (р.а.) истихада жағдайында ораза ұстауға және намаз оқуға бұйырғандығы айтылады.

Ханафи, шафиғи және ханбалилерде етеккір не нифас мерзімінен тыс уақыттары үзір қанын көрген әйел қанды тазалап, мақта және т.б. заттар салып, қан тоқтауы үшін қажетті шараны қолданғаннан кейін әр намаз үшін дәрет алуы қажет. Пайғамбарымыз (с.а.у) шамадан көп қан келгенін шағымданған Хамнаға (р.а.):

«Жыныстық мүшеңе мақта қой. Өйткені бұл қанды тоқтатады», – деген. Үзір қаны келген әйелге Алланың елшісі (с.а.у) былай деп бұйырған:

«Етеккір келген күндері намаз оқыма, кейін ғұсыл құйып, әр намаз үшін дәрет алып, намаз оқы, ораза үста».

Үзір қаны кейде тоғыз жастан кіші қыз балалар мен етеккірі толық тоқтайтын жасқа жеткен әйелдерде де байқалады. Мысалы, жетпіс жасқа толған әйелден келетін қан үзір қаны болады. Басқа көзкарас бойынша, мұндай әйел бұрынғы етеккірі келетін мерзімінде қан көрсе, етеккір жағдайы қайта келген болады. Бірақ ол аз ғана байқалса, бұл етеккір қаны болмайды.

Тіпті әйел екіқабат кезінде келетін қан да осылай есептеледі. Бұндай жағдайларда әйел кісілер намаз оқып, ораза ұстайды. Өйткені бұл етеккір емес, мысалы, мұрын қанаған сияқты жағдай.

ҮЗІР ҚАНЫН КӨРГЕН ӘЙЕЛДІҢ ЕТЕККІР МЕРЗІМІНІҢ ЕСЕПТЕЛУІ

1) Балиғат жасына алғаш жеткен қыз етеккірмен бірге үзір қанын көрсе, әр айдың он күні «етеккір», жиырма күні «таза» деп қабылданады.

2) Белгілі уақытта етеккірі келетін әйел үзір қанын көрсе, етеккір мерзімінен артық жалғасатын қан үзір қаны деп есептеледі.

3) Етеккір мерзімін ұмытқан әйел үзір қанын көрген жағдайда қайсысын басымырақ деп тапса, соның үкімімен амал етеді.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: ,

Пікір жазу