Төлеби ауданы: «Ораза қарсаңында игі шара»

Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің ұстазы Камаева Жазира Төленқызы маусым айының 29 – жұлдызы күні Түркиядан келген ұстаз Шахин Хадиша және Шымкент медресесінде қызмет ететін Түзелова Айша, Бөрібай Дамира, Мәулид Жұмагүл сынды бірқатар ұстаздармен кездестіру ұйымдастырды. Қонақтар мешіт шәкірттерімен арнайы сұхбат өткізіп, олардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап іздеді.

Олар шәкірттерге Қасиетті айлардың қадірі мен ерекшеліктері жайлы сөз қозғап, алдағы келе жатқан Рамазан айы мен бес парыздың бірі болған оразаның шарттарына кеңінен тоқталып мәлімет беріп өтті. Сондай-ақ Рамазан айын тиімді өткізу жолдары мен оразаның адам өміріне тигізетін әсері жайлы да аз-кем әңгіме өрбітті. Мешіт шәкірттері Исламның құндылықтарымен танысып, ерекше кездесуге қатысқандықтарына дән риза болып тарасты.

Аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу