Сарыағаш ауданы: «Айбынды елдің үміті -айбарлы ұландары»

Сарыағаш ауданы 18.06.2021 жылы  2020 әскери бөлімі думан залында «Айбынды елдің үміті -айбарлы ұландары» атты «Арқанкерген» шекара бекетінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметін өтеп жүрген жастармен кездесу өтті.

Сарыағаш ауданы «Жастар орталығының» инспекторы Али-Мамед Ирана «Арқанкерген»  бекетінде орын алған оқиғаға байланысты бейне ролик көрсетіп, баяндама жасады. «2020″ әскери бөлім бастығы «Арқанкерген»  бекетінде орын алған оқиғаға байланысты жастарды ұлттық құндылықтарға негізделе отырып Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуге адамгершілікке азаматтық бауырмалдық рухына тәрбиелеу осы секілді қайғылы оқиғалардың орын алмауына шаралар қарастыру  керектігін, жастарды Отан сүгіштікке, патриоттық рухын көтеру мен заңға мойынұсынушылыққа шақырды.

Сарыағаш аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Р.Оспанов өз сөзінде «Арқанкерген»  бекетінде қайғылы жағдайға байланысты Ата бабамыз осыну Қазақстан елін найзаның ұшымен білектің күшімен сыртқы жаудан қорғап бір қасық қаны қалғанша шайқасып елді аман алып бізге мұра қылып келгендгін сонымен ата бабамыздың арманын асқақтатып аяқ асты етпестен бір атаның баласындай  елге күш жігер салып  қызмет етіп қапыда қалмайық деді.

Сарыағаш ауданының «Сарыағаш орталық» мешітінің найб имамы А.Мауленов  «Арқанкерген»  бекетінде қайғылы оқиға орын алуына байланысты қайтыс болған құрбандарға еліміздің әр түкпір мешіттерде үгіт насихат  айтып рухтарына Құран оқытылғанын айтты. Осы секілді қайғылы оқиға орын алмауына  жол бермеу үшін елге адал қызмет етуге отан сүйгішке ауыз бірлікке тату болуға іззетті болуға шақырды. Өйткені дінімізде адам өлтіру ауыр күнә екендігін ескертті.  Кімде  кім біреуге қол жұмсап немесе қарумен өлтіретін болса ол өлген кісінің қанын мойнына жүктеп ақыретке алып кетеді . Сондықтан кімде кім бір кісіні нахақ өлтіретн болса жер бетіндегі барлық адамды өлтірген болып саналады ал кімде кім бір кісіні аман алып қалатын болса барлық адамдарды аман алып қалған болып саналады. Аллаһ таьла Құран Кәрімнің Хұжрат сүресі 10 аятында: Шын мәнінде момын мұсылмандар бір біріне ағайын туыс. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар және Аллаһтан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер.  Құран Кәрімде Аллаһ таьла бұйырған болса барлығымыз бір атаның баласындай Аллаһқа мойынсұнып, Аллаһтың жіберген  пайғамбарларына  мойынсұнып  және  арамыздан шыққан  басшыға мойынсұнып еліміздің тыныштығының  қадіріне жетіп амал етейік деп сөз сөйледі.

Сарыағаш ауданы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

    Өткенге дұға ету мұсылмандық парызымыз Алла разы болсын.

Пікір жазу