Хайыз және нифас кітабы – ЖҮНІП НЕМЕСЕ ЖҮНІП ҮКІМІНДЕ БОЛҒАНДАР ҮШІН ХАРАМ НӘРСЕЛЕР

Жүніп, етеккір немесе нифас жағдайындағы адам үшін намаз оқу, тауаф ету, Құранға не оның бөлігіне қол тигізу харам болғанындай Құран Кәрімді оқуға және мешітке кіруге де болмайды.

а) Намаз оқу. Жүніп, етеккір және нифас жағдайындағы адамға парыз, уәжіп не нәпіл намаздарды оқуына, тилауат сәждесін жасауына болмайды. Бұған: «Егер жүніп болсаңдар жақсылап тазаланыңдар», — деген аят дәлел.

ә) Қағбаның айналасында нәпіл болса да тауаф ету. Өйткені тауаф — намаздың бір түрі екендігі хадисте айтылған.

б) Құран Кәрімге қол тигізу. Аллаһ Тағала:

«Оны тек тап-таза болғандар ғана ұстайды», — дейді. Дәл сол мағынадағы хадис шәриф те бар. Осылардың негізінде Құранға тек жүніптік және соған ұқсаған нәрселерден тазаланғандар ғана қол тигізеді. Бірақ Құран Кәрім қапталып, оралған, сөмке, дорба немесе қобдидың ішінде болса ұстауға болады.

Бұл үш жағдай дәретсіз адамға да харам болып есептеледі. Сондай-ак, қатар жүніп, етеккір немесе нифас болған адамға төмендегі істерді де істеуге болмайды.

в) Құран Кәрімнің бір бөлігін оқу. Тек дұға ниетімен оқуға болады (мысалы, «Раббана әтина » аяты және Фатиха сүресі дұға ниетімен оқылғандай). Әли (р.а.) риуаят еткен хадисте былай делінген: «Алланың Елшісі (с.а.у) жүніп болмаған барлық жағдайда бізге Құран Кәрімді үйрететін еді».

Имам Мәликтің көзқарасы бойынша, жүніп адамға Құран Кәрімді оқуға болмаса да, етеккір не нифас болған әйелге оқуға болады. Өйткені жүніп болған адам тез жуына алады, ал етеккір не нифас болған әйел мерзімі бітпейінше ұзақ уақытқа дейін шомыла алмайды. Олар дәлел ретінде истихсанға сүйенеді.

г) Мәжбүр болмайынша мешітке кіру не ішінен өту. Бір күні Алланың Елшісінің (с.а.у) мешітке кіріп былай дегені риуаят етілген. «Мешіт етеккір және жүніп болған адамға халал емес».

Мешітте ұйықтаған адам ихтилам болса, сыртқа шығу үшін тәйәммум соғады, егер шығуға қорықса тәйәммуммен отырады, бірақ мұнымен Құран оқуға және намаз оқуға болмайды.

Жүніп адамның діни кітаптарды ұстауы және оқуы, қолын және аузын жумай жеп-ішуі, қолымен ұстамаса да паракқа Құран аяттарын жазуы мәкруһ болып саналады.

Ғұсыл алуы парыз болғандар ғұсыл алмай-ақ мына істерді істеуіне болады: зикр ету, тәсбих тарту (Алланы пәктеу), салауат және сәлем айту, Құран аяттарын сөзбе-сөз үйрету, дұға ниетімен Құраннан аяттар оқу, Кәлима шаһәдатты айту, Құранға қарау, қаптамаға оралған Құранды ұстау, ұйықтау. Алайда жүніп болған адамның дәрет алып ұйықтағаны жақсырақ. Жүніп болған адам тамақ ішуінен бұрын қолы мен аузын жууы қажет. Рамазанда жүніп болған күйде таң атырған немесе күндіз күні бойы ұйықтап ихтилам болған адамның оразасы бұзылмайды.

Ғұсылдың денеге тигізетін әсері жайлы дәрігерлер былай дейді. Адамның басына ғұсылды қажет ететін жағдай түсуімен бүкіл тамырларда үлкен күйзеліс пайда болады. Дене де шаршап босаңсиды. Міне, сол шаршау мен күйзелісті кетіру және денеде жаңа тепе-теңдік құру үшін денені түгел жуу қажет. Демек, ғұсылды қажет ететін жағдайда тек кейбір мүшелерді ғана емес, бүкіл денені жуу қажеттілігі пайда болады. Өйткені жүніптікте болсын, етеккір немесе нифаста болсын барлық мүшелер және қан айналымы тек бой дәретінің арқасында ғана сергиді. Алланың әрбір бұйрығында болғаны сияқты ғұсылда да біз білетін және білмейтін көптеген хикметтер мен пайдалар бар екені даусыз.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: ,
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ассалам уалеикум … Жунип ол жыныстык катынаска тусу деген соз…. Ал хайыз жане нифас ол аиел адамдардын етеккири… ал ихтилам, мәкрух мүстаһаб дегенди мен билмиди екем.


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    жүніп сөзінің мағынасын ашып айтып берсеңіздер? сілтемелеріізден нақты жауап таба алмадым сондай ақ мына сөздердің де: ихтилам, мәкрух, жаиз емес, мүстаһаб


  3. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    кишкене гана (капля) шахуад шыкса ГУсыл алу парыз ба(обязательно) ма?


  4. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Хайыз және нифас . ЖҮНІП мғанасы нені білдіреді


  5. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    жалпы жунип дегеннин озин калай тусинуге болады


  6. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    мына мәліметтеріңіз үшін Алла разы болсын, әсіресі М.Естеміров бауырымызға…..

Пікір жазу