Хайыз және нифас кітабы – ДӘРЕТ–ТАЗАЛЫҚ

Дәрет (таһарат) – белгілі мүшелерді өз тәсіліне қарай жуу және масих тарту арқылы жасалады. Дәрет алудың артықшылығымен рухани пайдалары жөнінде Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген:

«Әрбір мұсылман қолдарын жуғанда қолдарынан жасалған күнәлары кешіріліп, бетін жуғанда көздері арқылы жасаған күнәлары, басына мәсих тартқан кезде құлақтарымен естіген күнәлары кешіріледі» деген. Сонымен қатар дәрет алып болғаннан кейін, «Кәлимай- Шаһәдатты» айтса жақсы және басқа да дұғалар бар. Оларды да қосып оқыса сауап болады.

ӘЖЕТХАНА ӘДЕБІ:

Мұсылман  адам әжетханаға кірерде мына дұғаны айтады: «Бисмилләһи, Аллаһумма, иннй аъузубикә минәл хубси уәл-хәбәисй».  Бұл дұға: «Әжетханада жаман жын-шайтандардың жамандығынан сақтай көр» деген мағынаны білдіреді. Ал әжетхана сыртына шыққанда: «Ғуфранәкә» делінеді. Ол «Кешір» деген мағына өйткені, әжетханада Алланы жария түрде зікір етуге тиым салынған. Мұсылман адам  әжетхана ережелерін білгені дұрыс, төмендегі ережелерді әрдайым естен шығармауымыз керек:

1. Ең әуелі әжетханаға кіретін кезде оқылатын дұғаны оқу;

2. Сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу;

3. Егер әжетханаға түнде, не күндіз кіретін кезде дыбыс шығарып кіру керек;

4. Өзімен бірге Құран, хадис, т.б. сол сияқты кітаптарды алып кірмеу;

5. Лажы болса, құбылаға алды-артымен отырмау;

6. Тіке тұрып дәрет сындырмау;

7. Әжет шығарып жатқанда сөйлемеу;

8. Истинжаны, (аспаптарды) сол қолмен жуу немесе оралған арнайы қағазбен сүрту;

9. Кесек, не сумен не жазуы жоқ арнайы қағазбен тазалау;

10. Жұмсақ және төмен жерге отыру. Өйткені, қатты жерден зәр шашырап киімге тиюі мүмкін;

11. Бекерден бекерге ұзақ отырмау керек.

ДӘРЕТ ПАРЫЗДАРЫ: (Парыз – Аллаһ Тағаланың әмірі)

1) Бетті жуу;

2) Екі қолды шынтақпен қоса жуу;

3) Бастың төрттен біріне мәсих тарту, яғни сулы қолмен сипау;

4) Екі аяқты тобығымен қоса жуу.

ДӘРЕТ СҮННЕТТЕРІ: (Сүннет – Пайғамбарымыз (с.а.у)-ның істеп кеткен амалдары)

1) Ниет ету, 2) Ағузу-бисмиллә айту, 3) Алдымен білекке дейін екі қолды жуу, 4) Мисуәк қолдану 5) жуылған мүше кеппей тұрып, екінші мүшеге көшу, 6) Ауыз бен мұрынға үш реттен су жіберу, 7) Құлаққа масих тарту, 8) Саусақтарды айқастыра жуу, бір қолдың саусақтарын екінші қолдың саусақтары арасына кіргізіп ысқылау, 9) Әр мүшені үш реттен жуу, 10) Басқа толық масіх тарту, 11) Дәретті тәртібімен алу, дәрет мүшелерін өз кезегімен жуу, 12) Қол-аяқты жуғанда саусақ-бармақтардың ұшынан бастау.

ДӘРЕТТІҢ МӘКРУҺТЕРІ: (мәкруһ – жағымсыз әрекетер)

1) Оң қолмен сіңбіруге болмайды 2) Дәрет мүшелерін үш реттен не артық жууға болмайды 3) Суды бетке шашып жууға 4) Күн көзіне ысыған сумен дәрет алуға 5) Суды кем немесе артық қолдануға 6) Дәрет алу кезінде сөйлеуге 7) Сүннеттер амалын орындамауға болмайды.

ДӘРЕТТІҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІ:

1) Алды-арттан шығатын нәжіс, қан, ұрық, зәр секілді нәжістер. 2) Денеден қан, ірің және сары су ағу. 3) Ауыз толтыра құсу. 4) Есінен адасу. 5) Жындану. 6) Талу. 7) Жел шығару. 8) Жатып не сүйеніп ұйықтау. 9) Намазда өзгелер есітетіндей дәрежеде дауыстап күлу. 10) Тіс арасынан түкіріктеп көп қан шығару, т.б.

ДӘРЕТ АЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

1) Қолдың жуылуы.  Әуелі, «Ниет еттім дәрет алуға» деп ниет етіледі. Сосын «Ағузубиллаһи-Бисмилләһи» делінеді. Сосын қолдар білекке дейін үш рет жуылады.

2) Ауызға су алынуы. Әуелі, оң қолмен үш рет ауызға су алынып, ауыз шайылады.

3) Мұрынға су алынуы. Оң қолмен үш рет мұрынға су жүгіртіліп кеңсірікке тартылады да сол қолмен сіңбіріліп мұрын тазаланады.

4) Беттің жуылуы. Екі қолмен үш рет жуылады. Бет, маңдай шаштың шетінен иектің астына дейін және екі құлаққа дейін үш рет жуылады.

5) Екі қолдың жуылуы. Шынтақтармен бірге әуелі оң қол, сол қол үш рет жуылады.

6) Басқа масіх тартылуы. Оң қол суланып бастың төрттен біріне мәсіх тартылады. (Негізінен екі қолмен басқа тұтас мәсіх тартқан жақсы).

7) Құлақтарға мәсіх тартылуы. Екі қол суланып, шынтақтарымен құлақтардың ішіне, бас бармақтармен сыртына мәсіх тартылады.

8) Мойынға мәсіх тартылуы. Кейін, қолдардың сыртымен мойынға мәсіх тартылады.

9) Аяқтың жуылуы. Әуелі оң аяқ, кейін сол аяқ, сол қолдың көмегімен жуылады. Аяқтар жуылғанда саусақтардың араларында жуған жөн (осымен дәрет аяқталады).

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , , , , ,
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Салемтсиз бе! Тарауих намазына катысуыма ата-анам карсы. Карсылыктарына карамай катыса берсем бола ма? ондай жагдайда устаган оразам мен окыган намазым кабыл бола ма? Алдын ала Рахмет


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Хайыз деген не екенин билмемин. Ал нифаз деген не? неге казакша создермен жазбайсыздар? Жане де айел затынан болинетин акшыл суйыктык (выделение) соны калай дейди? сосын сол егер де кунделикти келетин болса дареттин бузылганы ма жане оразан бузылганы ма?


  3. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    арбир намазда мысалы 4 ракат фарыз болса сол биткенде отырасын гой, сол кезде кандай суре немесе Дугалар айтылады?


  4. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Алладан баска танiр жок. Мұхаммед онын елшісі


  5. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Assalamu’aleikum ua rahmatullahi ua barakatuh! Хайыз кезінде дұға оқыса болады ма? ол дурыс деп саналады ма?


  6. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Assalamu’aleikum ua rahmatullahi ua barakatuh! Хайыз кезінде дұға оқуга болама? ол дұрыс деп саналады ма?


  7. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    мәсіх деген не ол?


  8. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Салеметсизбе! Меним сизге бир сурагым бар Осы ажетханада дарет алган кезде жан жагын былшыратып шашып дарет алу дурыс па? Ажетханага отырып жуынган кейн суртип жиберу болмай ма, меним ойынша артынан кирген адап желкенбей киру керек сол дурыс па дурыс емес билгим келеди. Биреулер айтады мен дарет алдым артынан жуып тазалау тазалап алган адамга сауап болады деп сол дурыс па?


  9. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    егер дәрет ретімен алынбаса қабыл болмайды ма, жане де ағузубиллаһи Биссмилләһи айтылмаса да қабыл болмайды ма.мен ораза ұстап жүріп тек қана дәрет алдында «алла дәрет алуға ниет еттім»- деп айтып сосын дәрет ала беремін, сосын ретімен алмай жүрдім, соным дұрыс болмағанын енді оқып білдім, сонда осы күнге дейін алған дәретім қабыл болмай жүрді ме?


  10. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    хайыз кезинде дуга окып Алланын 99 атын зикир етип Аллага жалбарынуга бола ма


    • Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

      Хайыз кезінде дұға етсеңіз болады, бірақ Құран аяттарын оқуға болмайды. Дұған өз ана тіліңізде айта беріңіз. Арасында Алланың Есім-Сипаттарын қоладуыңызға болады.

Пікір жазу