Қазығұрт ауданы: Қасиетті шағбан айында жамағатпен кездесу

Қазығұрт аудандық iшкi саясат бөлiмi мен Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар» мешiтінiң ұйымдастыруымен Қасиетті айларымыздың бірі шағбан айында Молбұлақ мешітінде «Ұлық Имам Ағзам Әбу Ханифа» жолымызды ұстау мiндет екендiгiн түсіндіру мақсатында кездесу болды. Кездесуде аудандық ішкі-саясат бөлім бастығы А.Серкебаев, діни істер бойынша аудандағы маман Қ.Еламанов, «Зафар» қоғамдық бірлестігі, Шарбұлақ ауыл округ әкімшілігі мамандары, «Қазығұрт тынысы» газетінің тілшілері, мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары қатысты. Ауылдық мешiтте ұйымдастырылған жиынды ауданның бас имамы Полатов Еркiн Тұрғынұлы жүргiздi.

Ұлт-аралық және дiн-аралықтатулықты нығайту, экстремистiк топтардың өз идеологияларын халқымыз арасында үгiттеу бағытындағы экспанциялық әрекеттерiне тойтарыс беру, мұның үшiн олардың идеологияларына қарсы бейбiт түрде уағыз-насихаттар мен түсiндiру жұмыстарын жүргiзу болып табылады.

«Қандай мәселе болсын алдын алған мың есе абзал. Осы  әңгiменi дер кезiнде жасап отырмыз. Бiздiң Ұстанымымыз-Имам Ағзамның жолы. Имамның жолын Ұстанудың мiндет екендiгiн бiлдiретiн хадистер бар. Солардың бiрiнде: «Кiмде-кiм имамсыз (яғни, мазһаб имамның жолын ұстанбай) дүниеден өтсе, ол жаһилият өлiмiмен өлген болады»,-делiнген. Яғни ол адам дүиеден надан күйiнде өтедi екен. Тағы бiреуiнде: «Әлбетте, менiң үмбетiм адасу үстiнде жиналмайды, сондықтан егер ихтилафқа (қайшылықтарға) кездессеңдер, сендерге «Сауадүл ағзам» жамағатының Ұстанған жолын ұстану уәжiп болады»,-деген. «Сауадүл ағзам» сөзiнiң тiлдiк мағынасы-басым көпшiлiк, аса көп санды жамағат дегендi аңғартады.  Бiздiң елiмiздегi «Сауадүл ағзам» жамағаты, яғни, ең көп санды жамағат-Ханафи мазһабын ұстанатын жамағат. Мазһабты керек емес деп мойындамай жүрген жастардың 99 пайызы дiннен хабары жоқ. Мазһаб болмаса дұрыс жолмен жүре алмаймыз. Алпауыт ғұлама кiсiлер Ханафи мазабына бас иген»,-дедi З.Оразбаев.

Бас имамның айтуына қарағанда, аудандағы 65 мешiтте бір мазһапта яғни Имам Ағзам Абу Ханифа мазхабында оқылады. Сонымен қатар кездесуге келген көпшіліктің көкейіндегі сұрақтары қойылып, аудан имамы және келген қонақтар жауап берді.

Кездесу соңында бас имам көпшілікке «Асыл Ислам дініміз адам баласын тек жақсылыққа ізгілікке шақырады» деген тақырыпта уағыз айтты. Қазіргі айтылып жатқан мәселе жиі айтылып тұратынын білесіздер. Айтылуы керек. Балдарыңызға діни білім үйретіңіздер, өздеріңіз де мешітке келіп білім алыңыздар. Аллаға шүкір қазір діни білім алам дейтін талапкерге мүмкіндік бар. Тек аз ғана әрекет жасау сіздің иелігіңізде. Жалпы айтқанда  біз адамзат баласы Алланың ырзалығын табатын iске ұмтылуымыз керек»,-деп қорытындылады.

Осындай кездесу басқада мешіттерде жүйелі түрде өтіп тұрады. Ащыбұлақ елді мекенінде де жамағатпен аудан имам орынбасары М.Каримов кездесті. Шымкент медресесінің түлектері Арыстанбеков Ербол Бөрібайұлы (аудан имам көмекшісі, ұстаз), Маматуллаев Нурлан Жүсіпұлы ( «Молалы» мешітінің найб имамы)  аудан имамының бекіткен кестесі бойынша ауылдық мешіттерге Жұма намазында жамағатқа уағыз-насихат айту үшін  жиі жіберіліп тұрады.

Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар» мешіті

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу