Egeninsesi журналы:«Гүлен институтының ФБР-мен байланысы бар»

Жақында АҚШ-тың ішкі барлау қызметі өз сайтында ислам имамдарының бірі Фетхуллаһ Гүленмен байланысы бар екенін хабарлады. Бұл жаңалық түркиялықтарды бейжай қалдыра алмады.

Egeninsesi журналы сол күні-ақ төмендегідей ақпарат таратты:

«АҚШ-тың ішкі барлау қызметі ФБР өзінің сайтында Гүлен мектебімен бірге жұмыс жасайтынын ресми түрде хабарлады. «Хьюстон» әлеуметтік көмек бағдарламасы аясында ФБР-мен бірге жұмыс істейтіндер арасында Гүлен институты да бар».

Бұдан басқа да сайттар, газеттер осы тектес ақпарат таратты. Ал, бұл туралы ФБРсайтында былай делінген:

«ФБР әрқашан азаматтық құқықты қорғап келеді. Хьюстондағы этностық және әлеуметтік топтармен серіктестік қарым-қатынас орнатқанымызға қуаныштымыз. Арнайы қызмет мекемесінде «ашық есік» күні бар. Кез келген уақытта этностық және әлеуметтік топтар жергілікті және мемлекеттік деңгейде шеше алмаған мәселелерін бізбен бірге талқылай алады. Бізбен бірге жұмыс істейтін бірнеше ұйым бар:

– Антидиффамациондық лига

– NAACP

– Біріккен латынамерикалықтар одағы

– Гүлен институты

– Raindrop түрік үйі

– Оңтүстік Азиялық сауда палатасы

– «Хьюстон» ислам қоғамы».

Гүлен туралы мұндай ақпараттың таралуы ойландыратын-ақ мәселе. Себебі, біздің елде Гүлен «талебелерінің» ашқан біршама оқу орыны жұмыс істейді, ұрпақ тәрбиелейді. Осыдан кейін олар қандай мақсатқа қызмет етеді деген заңды сауал туындайды.

Ақпарат көзі: nurastana.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу