Бас мүфти Рамазанмен құттықтады

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қаласындағы Ұлттық баспасөз клубында қасиетті Рамазан айының қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізді.

 ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі еліміздің мұсылмандарын 20 шілдеде басталатын мүбәрак Рамазанмен құттықтады. Баспасөз мәслихатына наиб мүфти Мұхаммед-Хусейн Алсабеков, ҚМДБ Аппарат басшысы Балғабек Мырзаев, Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Құлмұхаммед Маханбет қатысты.

Дінбасы биылғы ораза 30 күнге созылатынын мәлімдеді. Ал пітір садақа мөлшері Алматы қаласы бойынша жан басына – 100 теңге.

«Жылдағы дәстүр бойынша, биыл да базарларда азық-түлік бағасын, жол жүру ақысын, көлік құнын Рамазанның құрметіне 10 пайызға төмендетілсе деген үндеу жолдадым. Иманды азаматтар баршылық. Жуырда ғана Оралдан жағымды жаңалық жетті. Жол жүру бағасы түсіпті. Бұл бастама осылай еліміздің әр аймағында бірте-бірте жүзеге асады», – деді Бас мүфти баспасөз мәслихатында.

ҚМДБ-ның баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу