Арыс ауданы: Үндеуге үн қосты

Орталық мешітте қаламыздың ақсақалдары Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ысқабай, қалалық қажылар қауымдастығының төрағасы Қадір Есілбек, зейнеткер Дербіс Майлан, бір жолғы талон беру орталығының директоры Сатыбалдиев Құлман және қала мешіттерінің имамдары мен кәсіпкерлері жуырда еліміздің баспасөздерінде жарық көрген ҚМДБ төрағасы, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің үндеуін талқыға салды. Жиын барысында жиналған кәсіпкерлерге қаланың бас имамы А.Абдулкамал бас мүфтидің үндеуіне тоқталып, оның маңызын түсіндірді. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында барлық мүмкіндігі бар азаматтарды қайырымды істер жасауға шақырған дінбасымыздың бұл үндеуін арыстықтар да бір ауыздан қолдап отыр.

Орталық мешіттің наиб-имамы Қ.Қалқожаев бірқатар кәсіпкерлермен кездескенде, олар дүкендеріндегі азық-түлік құнын біршама арзандататынын мәлімдеген. Мол сауаптан дәметкен кәсіпкерлер «Ынтымақ» СҮ директоры О.Жармаханова, «Сейдін» азық-түлік орталығының төрағасы Д.Бекмүрзаева, «Ақбаян» шаруашылық заттар дүкенінің директоры А.Шыңғысбаева, «Халал» азық-түлік дүкенінің Қ.Кенжеқожаев, «Рақым-жан» азық-түлік дүкенінің иесі Б.Мұсаев, «Сұлтан» дүкенінің директоры Н.Пайызханова, «Бек-А» азық-түлік Е.Көшкінбаев, «Нұр» дүкенінің иесі А.Жаңабайлар Алла разылығы үшін күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды арзан бағада сатпақ. Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткер-ұстаз Т.Ысқабай өз сөзінде: «Құран кәрімнің «Маида» сүресінің 90-91 аяттарында: «Ей, иман, келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, бұттарға табыну және бал ашатын оқтар—ластық, шайтанның істері. Мұратқа жетем десеңдер олардан аулақ» болыңцар»,—делінген. Басқаларды айтпағанда осы қасиетті айда арақ-шарап сатылымдарына шектеу қойылса, құба-құп болар еді,—деді.

Ал қажылар қауымдастығының төрағасы Қ.Есілбек басқосуға жиналғандарға бас мүфтиіміз Әбсаттар қажы Дербісәлінің үндеуін қолдайтындығын және оған барынша атсалысатындығын мәлімдеді.

Сол күнгі жиында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының жанынан құрылған зекет қорына бас имам арнайы тоқталып, зекет қорын құру мақсатын жиналған көпшілікке түсіндіріп, ҚМДБ-ның ОҚО өкілдігінің орталығы Шымкент қаласындағы Абдулхамид Қаттани мешітінің атынан ашылған есепшотын ұсынды. Осы сауапты іске кәсіпкерлерді өздерінің үлестерін қосуға шақырды.

Арыс қаласы

Орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу