Төлеби ауданы: Қош келдің Рамазан

Көптен бері сағына күткен қасиетті Рамазан айы табылдырық аттады. Рамазан айындағы Аллаһтың парыз еткен ораза ғибадаты, Оның разылығына бөленіп, жұмаққа дайындайтын ерекше ғибадат. Иман келтіріп, адамдық атына лайық боламын деп, өмірінің әрбір сәтіне бей-жай қарай алмайтын жандардың бүгін қуаныштарында шек жоқ. Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің жамағатының қасиетті Рамазан айына деген сағынышы мен Аллаһтың әмірін орындаудағы құлшынысы ерек деуге болатындай. Олар бүгін оразаның қадір-қасиеті жайлы ауқымды мәлімет беріп өткен ауданның бас имамы Берік Қалдаровтың жұма күнгі уағызынан рухани нәр алып, намаздан кейін мешіт жамағаты бір-бірлерін Рамазан айының келуімен құттықтап, Исламдағы бауырмашылықтың үлгісін көрсетіп өтті. Аллаһ Тағала Рамазан айында жасаған құлшылықтарымыз бен игі амалдарымызды қабыл етіп, разылығына бөлегей.

Төлеби аудандық «Нұр» мешіті

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


2 − 2 =