Тоқтар Назаров: Бас мүфтидің үндеуіне үн қосайық ағайын!

Дүйсенбі күні Арыс аудандық орталық мешітте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі еліміздің  түрлі сала жетекшілері мен министрліктер, облыс, қала , аудан басшыларына, кәсіпкерлер мен ел тұрғындарына жариялаған үндеуі талқыланды. Оған қала имамдары, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ысқабаев, қажылар кауымдастығының төрағасы Қ.Есілбеков, кәсіпкерлер мен ардагерлер, БАҚ өкілдері қатысты.

Бас қосуда орталық мешіттің бас имамы А.Абдулкамал кіріспе сөз сөйлеп, ашып, жүргізіп отырды.

- Діни басқарма төрағасы атап көрсеткендей, рамазан айының біз үшін берекесі мол, Алланың рахымы мен мейірімі жауатын қасиетті ай екенін ұмытпай, арыстықтар да бұл айда қайырымдылық пен ізгілікті, ынтымақтастық пен татулықты қалыптастырып, үндеуді бір ауыздан мақұлдайды. Үндеуді жүзеге асыруда әрбір кәсіпкер, басшы жіті бағамдап, ой елегінен өткізіп, астамшылыққа жол бермей, қанағатшылдыққа бой алдырады деп сенемін, — деді бас имам.

Мұнан соң Кәдір қажы Есілбеков, Төлебай қажы Ысқабаев, еңбек ардагері Майлан Дәрбісов, бір жолғы талон беру орталығының директоры Құлман Сатыбалдиев өз ойларын ортаға салып, қолдау көрсетті.

Айта кету керек, «Ынтымақ», «Сейдін» сауда орталықтарының директорлары О.Жармақанова, Д.Бекмырзаев, шаруашылық және азық-түлік  дүкендерінің директорлары А.Шыңғысбаева, К.Кенжеқожаев, Б.Мұсаев, Н.Пайзханов, Е.Көшкенбаев және А.Жаңабаев үндеуге қолдау білдіріп, тауарларының бағасын төмендетуге уәде берді. Арыстық бауырларымызға Алла разы болсын!

Иә, діни басқарма төрағасының үндеуін жүрегінде иманы бар бар барша кәсіпкерлер мен басшылар бірауыздан қолдау көрсетеді деп сенеміз. Лайым солай болғай!

Тоқтар Назаров, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

18.07.2021 ж

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу