Б.Әліпбекұлы: Оразаның басқа парыздардан айырмашылығы.

Оразаның басқа  парыздан  2 айырмашылығы бар:

1. Ораза сыртқа көрінбейтін құлшылық. Ешкім күндіз ішіп-жеуімізге тосқауыл бола алмайды. Бірақ Аллаһ үшін тыйылып, бас тартамыз жалғыз болсақ та. Міне бұл, өз кезегінде біздің иманымыздың тәрбиесі болып табылады.

2. Намаз бірнеше минут, зекет жылына 1  рет, қажылық өміріңде 1  рет орындалатын амалдар. Ал ораза жылына  1 ай бойы күндіз-түнді қамтитын Аллаға бой ұсынушылыққа тәрбиелейтін құлшылық. Күндерін таң намазына дейін ауыз бекітумен бастап, күні бойы шыдамдылықпен жүрген мұсылман кешке аузын ашқан соң түнгі намазға ұмтылып нәпсісін тәрбиелеп, Раббысының разылығына ұмтылады.

Сол оразаның артықшылықтары мен ерекшеліктеріне тоқталсақ…

Оразаның артықшылықтары мен ерекшеліктері

1.Ораза тозақ отынан қалқан. Ораза — қалқан. Құл онымен тозақтан қорғанады[1]. Алла жолында 1 күн ұсталған ораза, пендені тозақтан 70 жылға алыстатады [2]. Ендеше бауырлар 1 күн осындай болса Рамазан туралы не айтуға болады?!

2.Ораза нәпсіден қалқан. Әй жастар! Кім шамасы жетсе үйленсін, жетпесе ораза ұстасын. Расында ораза қалқан болады оған[3].

Бүгінгі ашық-шашық, азғындаған қоғамда түзу, дұрыс жүру жастарға қиын. Пайғамбар сол үшін оразаны айтқан жастарға.

3.Ораза Жәннәтқа қарай жол! Бір кісі Пайғамбарымызға : Маған пайда келтірер нәрсе бұйыр -деді. Пайғамбар: Ораза ұста! Расында еш нәрсе онымен тең келмейді  деді.[4]

Яғни,  Аллаға жақын етіп, тозақтан алыс етер оразадан артықеш нәрсе жоқ!

Жәннәттың тек ораза тұтқандар ғана кіретін ар-Раййан деген есігі бар[5]…..

4.Ораза Қияметте шапағатшы болады. Ораза және Құран қияметте шапағатшы болады……..  яғни: адам адамға көмектесе алмаған кезде ораза ғана адамға шапағат ете алады.[6]

5.Ораза екі дүниеде де бақытқа жеткізеді. Ораза ұстаушының екі қуанышы бар: Біріншісі ауыз ашқанда және Раббысын жолықтырғанда[7].

Ауыз ашардағы қуаныш екі бөліктен тұрады: 1. Ішіп жеуге рұқсат болғаны үшін және 2. Раббымыз осы күннің оразасын толық ұстауымызды нәсіп еткені үшін.

 

Әрине айта берсек оразаның артықшылығы мен қасиеттері жайлы хадистер өте көп.

Ораза қабыл болсын ағайын!

Бейбіт Әліпбекұлы.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы.


[1] Ахмад Жәбирден

[2] Бұхари және Муслим Абу Сағид әл-Худриден

[3] Бұхари және Муслим ибн Масғудтан

[4] Насаи Абу Умамадан

[5] Бұхари және Муслим

[6] Ахмад және әл-Хаким

[7] Бұхари және Муслим Әбу Хурайрадан

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу